- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Ақтауда ауа құрамының сапасын анықтайтын экологиялық датчиктер орнатылды
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтау қаласында ауа құрамының сапасын анықтайтын экологиялық 8 датчик орнатылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда құрылғылар 27 ш/а №16-шы мектепке, 32 ш/а №29 мектепке, 14 ш/а №1 мектепке, 1 ш/а №3 мектепке, 22 ш/а №22 мектепке, 5 ш/а №7 мектепке, Шығыс-1 ш/а жуырда ашылған жаңа мектепке, Өмірзақ ауылындағы №27 мектептің ауласына қойылды.
Облыстық цифрландыру басқармасының басшысы Айдын Хадиевтің айтуынша, эко станциялар арқылы ауа құрамының көрсеткіші мен ластану деңгейін PM-2.5, PM-10 көрсеткіштерін бақылауға болады.
- Аталған датчиктердің көрсеткіштерін қала тұрғындары airkaz.org сайты және Smart Aktau мобильдік қосымша арқылы көріп, қадағалай алады. Маңғыстау облысы аталған эко датчиктерді орнату бойынша елімізде Алматы қаласынан кейінгі екінші орында,-деді басқарма басшысы.
- 05.10.2021
- 315