• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әсет Ерғалиев Үкіметте Маңғыстау облысының кешенді даму жоспарын таныстырды

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын таныстырды.

«2021-2025 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 2,1 трлн теңге. Бұл ретте қомақты үлес 1,6 трлн теңге көлемінде жеке инвестицияға, 338,8 млрд теңге көлемінде республикалық бюджетке, 118,3 млрд теңге көлемінде жергілікті бюджетке тиесілі», - деді министр.

Жоспарға сәйкес, өңірде Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын, «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында каустикалық сода, құрамында хлор бар өнім өндіру зауытын салу және химреагенттер, трансформаторлар және т. б. өндіру қамтамасыз етіледі.

Маңғыстау облысының туристік әлеуетін дамыту үшін жүйелі шаралар қабылданады. Әңгіме «Жылы жағажай» ауданындағы туристік кешен мен сауда орындарын, келу орталығы бар этноауыл, 9 қонақ үй, демалыс аймақтары, сауықтыру кешендерін салу туралы болып отыр.

Көлік және логистика саласында жаңа терминал салынып, сондай-ақ Ақтау қаласының қолданыстағы халықаралық әуежайы, Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалдық теңіз терминалы жаңғыртылады.

Кәсіпкерлікті дамытуға келсек, «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» мен «Еңбек» бағдарламаларының құралдары белсенді түрде қолданылады. Бұдан басқа, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында көтерме-тарату орталықтары салынады.

АӨК-те 25 инвестициялық жоба іске асырылады. АӨК субъектілерін кредиттеу мен мал, техника мен технологиялық жабдықтар сатып алу лизингі кезіндегі сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау көзделген.

Облыста «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырының магистральдық газ құбыры және «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші тармағы салынады. 4 млн шаршы метр тұрғын үйді салып, пайдалануға беру жұмысы жалғастырылады. Оның ішінде 220 мың шаршы метрі жалға беріледі. 118 шақырым электр желісі, 74,4 шақырым жылу желісі, 508 шақырым газ құбыры, 844 шақырым сумен жабдықтау, 949 шақырым су тарту және 1059 шақырым автожол салынып, жаңғыртылады.

Сонымен бірге, Ақтау қаласында көпбейіндік аурухана, емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, 24 мектеп салынады. Сонымен қатар 5 колледж заманауи жабдықпен жарақтандырылады.

Өңірде мәдени-көпшілік іс-шаралар мен спортты дамыту үшін тарихи-өлкетану музейі, драма театры, стадион, мұз сарайы, 3 спорттық кешен салынады.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, облыстың экологиялық ахуалын жақсарту маңызды міндеттің бірі. Сондықтан Кешенді жоспар «Қошқар Ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру мен 4 ҚТҚ полигонын салудан тұратын бірқатар іс-шараны қамтиды.

Кешенді жоспарды тиімді іске асыру 2025 жылға қарай өңірдегі ЖӨӨ өсуін  32%-ке, өңдеуші өнеркәсіп көлемін 43,3%-ке, халықтың нақты табысын 40,3%-ке қамтамасыз етіп, 60 мың жаңа жұмыс орнын құрады.

«Жоспардың түпкі мақсаты – Маңғыстау облысы тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту. Біз жоспар өңірдегі экономиканың өсу ырғағын арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деді Ұлттық экономика министрлігі басшысы.

 

  • 05.10.2021
  • 294
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика