- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды іске асыру үшін ұсыныстар жиналады
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтың төрағалығымен Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылау бойынша ауылдардағы ҮЕҰ өкілдерімен пікір алмасу жиыны болып өтті.
«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде гранттық қаржыландыру жүйесін жеңілдету арқылы ауылдағы азаматтық бастамаларды қолдау тетігі әзірленіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша ауылдардағы ҮЕҰ ауылда әлеуметтік белсенділікті жандандыру үшін жақсы серпін алады», - деп хабарлады вице-министр.
- 06.10.2021
- 248