- Блогтар
- Әшірбеков А.Б.
Әшірбеков А.Б.
«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ
Агроөнеркәсіптік кешен - ұлттық экономиканы сауықтыру жолында жылдам әсер көрсетіп, сондай-ақ елеулі әлеуметтік нәтиже бере алатын салалардың бірі. Сондықтан қазақстандық халық шаруашылығының осы секторына қашанда аса қатты назар аударылып, ерекше көңіл бөлінді және бөлінеді де. Сол себепті АӨК-ні қолдауға бірқатар қаржы институттары бағытталған.
Олардың бірі - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы – " Аграрлық несие корпорациясы "АҚ.
Ет перспективалары
Бес жылдық тоқыраудан кейін БҚО-ның Бәйтерек ауданындағы Янайкино ауылында ірі бордақылау кешені қайта іске қосылды. Тоқтап тұрған бордақылау кешенін қайта қалпына келтіруді "Ақорда Capital"компаниясы қолға алды.
Компанияның басқарушысы Вячеслав Гуссамов фермерлік шаруашылықтар мен жеке аулалардан, бордақылау алаңына салмағы 200 кг және одан жоғары ірі қара мал қабылданатынын атап өтті. Қазірдің өзінде бордақылау алаңында жоғары тиімді жемнің арқасында жануарлардың тірі салмағы 400 кг-ға дейін жеткізілуде. Мұнда малшылардан салмағы 400 кг-нан асатын, 1 кг тірі салмаққа 800 тг бағамен ірі қара мал союға қабылданады. Облыс орталығында ет өнімдерін сату үшін – Оралда жақын арада жергілікті өндірушінің фирмалық дүкендер желісі ашылады.
2020 жылдың соңында "Агроэкспорт"бағдарламасы бойынша бордақылау кешені жылдық 8% - бен, 2 млрд.теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Қазір Янайкино ауылында 3000-ға жуық мал бордақылануда, компания өнімнің 70% - ын шетелге, ал 30% - ын шұжық өнімдерін өндіруге жіберуді жоспарлауда. Оны жүзеге асыру үшін етті бөлшектеп және оны қатыруға арналған ет комбинатын салуды жоспарлап отыр. Жоба аясында барлығы 170 жұмыс орны ашылады.
Әр үйге жаңа көкөністерден
Бәйтерек ауданының тағы бір пайдалануға берілген инвестициялық жобасы ауданы 11 га құрайтын жылыжай кешені. Ол Қазақстанның батысында ғана емес, республикадағы ең ірі кешен (осыған ұқсас жоба бұрын Алматы облысында ғана іске асырылған). Мұнда жыл бойы 8 мың тоннаға дейін көкөніс – қияр мен қызанақ өсіру жоспарланған. Мамандар жаңа жылыжайларда өсірілген экологиялық таза өнім, жоғары еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келетінін атап өтті.
Инвестициялық жобаның жалпы құны-14 млрд теңге. Инфрақұрылымды құруға арналған қаражаттың бір бөлігін жергілікті бюджет бөлді, сондай-ақ "World Green Company" инвесторы қомақты қаржы салды, алайда ең үлкен сома – шамамен 9 млрд – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несие желісі бөлді.
Жылыжай кешенінің директоры Мұрат Ибрагимовтың айтуынша, жеңілдетілген несие мен меншікті қаражат, әлемнің жетекші өндірушілерінен голландиялық озық технологиялар мен заманауи жабдықтарды сатып алуға жұмсалды. Кешен толықтай автоматтандырылғандықтан, адами фактор барынша азайтылған. Дегенмен, жоба толық өндірістік қуатқа қосылған кезде, жылыжай кешенінде 200-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылады.
Голландиялық технология жылдың кез-келген уақытында ауа-райына қарамастан, жаңа және сапалы өнім алуға мүмкіндік беретіні белгілі. Жақын арада жылыжай кешенінің өнімі өңірдегі базарлар мен супермаркеттердің сауда сөрелеріне түседі. Бұл жоба азық-түлік белдеуін құруға елеулі үлес қосып қана қоймай, батыс қазақстандықтарды жаңа көкөністермен қамтамасыз етеді.
АӨК пен АКК өткені мен бүгіні туралы
20 жыл бойы "Аграрлық несие корпорациясы" қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыруға қатыса отырып, республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесуде. Тек соңғы 3 жылдың ішінде АКК желісі бойынша жалпы сомасы 122,5 млрд теңгеден асатын, 128 инвестициялық жоба қаржыландырылды.
Агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялау - бұл ауыл халқының жұмыспен қамтылуын ұлғайту, ішкі және сыртқы нарықты кеңейту және жаңа технологияларды енгізу. АӨК саласындағы жаңа жобалар тұтынушылардың әрқашан тиімді бағамен сапалы өнім алуына бағытталған.
- 06.10.2021
- 296