- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия Нұр-Сұлтанға сапармен келді
2021 жылғы 6 қазанда ДКҰ басшысы Нұр-Сұлтанға сапармен келді, онда оның Мемлекет басшысымен, Премьер-Министрмен кездесулері өтті. Бас хатшы Қазақстан "Астана-1" және "Бір терезе" кедендік тазартудың ақпараттық жүйелерін іске асыру есебінен экспорттық-импорттық операцияларды цифрландырудың жоғары деңгейіне қол жеткізгенін атап өтті.
Бас хатшы сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке құрамымен және кеден қатарына кіретін жас қызметкерлермен жеке кездесу өткізді. Ол адам ресурстарын басқару мәселелеріне, меритократия қағидаттары мен кеден ісіндегі гендерлік теңдікке ерекше назар аударды.
- 13.10.2021
- 366