• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық лекториі өтті

2021 жылғы 13 қазан, Жамбыл облысы.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Жамбыл облысында Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттау жөніндегі республикалық лекторий өткізді.
Қыркүйек айында Маңғыстаудан бастау алған лекторий бүгін Жамбыл облысының Қордай, Масаншы, Сортөбе, Қаракемер ауылдарында жалғасын тапты.
Лекторий аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов аталмыш ауылдардың қазіргі жай-күйін білу үшін жергілікті халықпен бірқатар кездесулер өткізді.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Д.Кәрібек, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин қатысты.
Ассамблея Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Жамбыл облысына іссапары Қаракемер ауылынан бастады. Ауылдың спорт кешенін аралап, қызметімен танысып, ауыл ақсақалдарымен кездесіп, этносаралық қатынастарға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.
ҚХА өкілдерінің іссапары аясында жоспарланған тағы бір маңызды кездесу Қордай ауылындағы Мәдениет үйінде жалғасты. Пікір алмасу форматында өткен бұл кездесудің басты тақырыбы Ақсақалдар кеңесінің қызметі және ауылдағы халықтың назарында жүрген өзекті мәселелер.
Кездесуде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, өзге этностарға қазақ тілін үйренуге көмектесу, Ассамблея жастарының жұмысын жандандыру, оларға қолдау білдіру, Ақсақалдар кеңесінің қызметімен танысу және осы секілді басқа да жұмыстардың барысына баса назар аударды.
Лекторийдің басты мақсаты – барлық қазақстандықтардың ортақ мәдени коды, бірыңғай құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи сана негізінде халық бірлігін нығайту болып табылады.
Мәдениет үйіндегі мұражайды аралап, оның жұмысымен танысқан Марат Әзілханов Сортөбе ауылындағы Имамдар үйіне де барып қайтты.
Аталған кездесу барысында ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ауыл имамдарының жұмыстарымен танысты. Ассамблеяның атқаратын қызметін, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін одан әрі нығайту жөніндегі шаралар талқыланды.
Іссапар аясында облыстық ҚХА Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи және Кеңестің т.б. өкілдері қатысты.
Аналар кеңесінің отырысында Ассамблея қызметінің басты бағыттары бойынша Кеңеске қатысты бірқатар мәселелер талқыға салынып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

  • 14.10.2021
  • 270
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика