• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әсет Ерғалиев Үкіметте үш ұлттық жобаны таныстырды

Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Елді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарын және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын іске асыру үшін қалыптастырылған ұлттық жобаларды ұсынды. «ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің тапсырмасымен Ұлттық экономика министрлігі бағыты бойынша «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», сондай-ақ, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты 3 ұлттық жоба әзірленді», - деді Ерғалиев. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы индустриялық-инновациялық дамуды, мұнай-газ-химия және энергетика кешенін, геология саласын дамытуды және шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді қамтиды. Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн теңге. Бұл ретте 402 млрд теңге республикалық бюджеттен, 15,5 трлн теңге жеке инвестиция арқылы. Ұлттық жоба өндіріс көлемін ұлғайтуға және өңдеу өнеркәсібі тауары номенклатурасын кеңейтуге ықпал ететін 418 индустриялық жобаны іске қосуды көздейді. Бұдан басқа, осы ұлттық жоба шеңберінде сыртқы нарыққа 1000 белсенді экспорттаушыны шығару, сондай-ақ 350 экспорттаушыны «Alibaba» және «Amazon» тәрізді халықаралық маркетплейстерге шығару жоспарлануда. 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химиясы зауытын пайдалануға беру жоспарлануда. Салынған индикаторларға сәйкес, ұлттық жоба 2025 жылға қарай экономикалық өсімді 5%-тен төмен емес деңгейде қамтамасыз етеді. Өңдеу өнеркәсібі өнімі өндірісі 1,5 есеге артады. Шикізаттық емес экспорт 2025 жылы 41 млрд долларды құрап, 2 есеге ұлғаяды. Ал шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестиция 75%-ке артады. Экономикадағы еңбек өнімділігі 1,2 есе өседі. Кәсіпкерлікті дамытуға келсек, бұл ұлттық жоба кәсіпкерлік белсенділікті көтеруге, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге және жаңа тауашаларды қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған. Қаржыландырудың жалпы көлемі 8,5 трлн теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1 трлн теңге, жергілікті бюджеттен 125 млрд теңге, жеке инвестициядан 7,3 трлн теңге көзделген. Экономикалық ведомство басшысының айтуынша, жоба шеңберінде ұлттық тауар өткізу желісін құру жоспарлануда. Бұл ретте 690 мың ШОБ субъектісі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады. «Бастау Бизнес» шеңберінде жеке ісін бастаған кәсіпкер саны 2 есеге өсіп, оның ішінде 55 мың ауыл кәсіпкері нақты қолдау алмақ. Базалық қызметтерге тең қол жеткізуді және елдің көліктік байланысын қамтамасыз ету үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру болжанып отыр. Қаржыландырудың жалпы көлемі 7,6 трлн теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен 4 трлн теңге, жергілікті бюджеттен 786 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 2,8 трлн теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Ұлттық жоба арқылы тұрғын үй құрылысына 13,5 трлн теңге инвестиция тарту, 16 мың шақырым сумен жабдықтау және су тарту желісін салу, екінші жолдарды салу және «Достық-Мойынты» учаскесін электрлендіру және «Түркістан-Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралін салу есебінен Қытай-Еуропа-Қытай қатынасының өткізу қабілетін 5 есеге ұлғайту жоспарлануда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су тарту қызметіне 100% қолжетімділік қамтамасыз етіледі. 2025 жылдың соңына дейін даму әлеуеті бар 3 561 тірек және спутниктік ауыл жаңғыртылады. 103 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұдан басқа, республикалық маңызы бар барлық жол жақсы жағдайға жеткізіледі. Ал жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 95%-ке жетеді. Автомобиль жолдарының сапасын арттыру 2025 жылға қарай транзиттік жүк ағыны көлемін 30 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. «Ұлттық жобаларды тиімді іске асыру тұрақты экономикалық өсімді 5%-тен төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге, халықтың табысын 27%-ке арттыруға және бүкіл ел бойынша 450 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша ұстанымын 40-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Әсет Ерғалиев.

  • 14.10.2021
  • 268
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика