- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Қарағанды облысында арнайы кокс өндіретін зауыттың құрылысы басталды
Нұра ауданында арнайы кокс өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталды. Бұл ірі жобаны импортты алмастыру бағдарламасы бойынша Еуразиялық топқа (ERG) кіретін «Шұбаркөл көмір» компаниясы жүзеге асырады.
Арнайы кокс ферроқорытпалар мен таза кремний өндірісінде қалыпқа келтіргіш ретінде қолданылады. ҚР Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының бағалауы бойынша ішкі қажеттіліктер жылына миллион тоннадан астам көлемді құрайды. Бүгінгі таңда бұл өнім Ресей мен Қытайдан үлкен көлемде импортталады.
Арнайы кокстан басқа зауыт жылына 72 мың тонна көлемінде көмір шайыры мен көмір майын өндіретін болады. Өндіріс үшін шикізат Шұбаркөл разрезінің «Д» маркалы көмірі болады.
Зауыт құрылысына шамамен 40 млрд теңгені инвестициялау жоспарлануда, сондай-ақ 120 жаңа жұмыс орны құрылады. Жаңа кәсіпорын нарыққа жылына 400 мың тонна өнім шығарады. Өндірісте заманауи технологиялар пайдаланылады және ол экологиялық тұрғыдан таза болады. Қазір энергия мен су ресурстарын үнемдеу жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленді. Жаңа зауытты іске қосу 2023 жылға жоспарланған.
- 14.10.2021
- 224