- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Жиі қойылатын сұрақтар, оның ішінде: тау-кен шахта жабдықтарын жөндеуді жүзеге асыратын ұйымның персоналында ҚР ТПҚ және ТПО білімін оқыту және біліктілік тексеруді жүргізу кезінде қандай ережелерді басшылыққа алу қажет?
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығымен бекітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-тармағына сәйкес жұмысты электр қондырғыларында орындайтын жұмыскерлерде жұмыс сипатына сәйкес келетін кәсіптік даярлығының болуы талап етіледі.
Сонымен қатар, Қағидалардың 6-тармағына сәйкес персоналдың білімін дайындау және біліктілік тексеру Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, электр қондырғыларында жұмыстарды орындайтын қызметкерлердің білімін дайындау және біліктілік тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу қажет.
- 15.10.2021
- 178