• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев Мұнайлы тұрғындармен кездесіп ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылады

20 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Мұнайлы ауданына жұмыс сапарымен барды.
Өңір басшысы Батыр ауылдық округіндегі «Экзотикалық құстар әлемі» фермасымен танысты. 2016 жылы ашылған фермада бүгінде түйеқұс, тауық сынды үй және экзотикалық құстар өсіріледі. Фермада жұмыртқа, құс еті және сүт өнімдері шығарылады.

Маңғыстауда баламасы жоқ ауыл шаруашылығымен айналысатын ферма иесі Бекен Қаржаубаев 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Құс өсірумен қатар шаруа қожалығының ауласына 300-ден астам жеміс ағаштары отырғызылған.

Сондай-ақ, облыс әкімі көкөніс өсіріп, оны жергілікті нарықта шығаратын «Каспий Агро Компани» ЖШС-да болды. Серіктестік  жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 2009 жылы құрылған. Шаруашылық кешенінде 19,7 га аумағында 4 жылыжай орналасқан.Тіршілік әрекетін қолдау үшін барлық қажетті инженерлік коммуникациялары өткізілген, офистік, қойма және басқа да ғимараттар бар. Тамшылатып суару технологиясы енгізілген. Бүгінде «Каспий Агро Компани» ЖШС жылыжай кешені – 4 гектар көлемінде егін егіп, 1 гектарынан 70-100 тонна қияр өнім алып отыр.

Сонымен қатар, аймақ басшысына «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан 4 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы таныстырылды. Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 3 408 адам, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне 32 794 адам кезекте тұр.

Мұнайлы ауданы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауданның 5 елді мекенінде инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша 10 жоба әзірленіп, өткен жылы Маңғыстау және Батыр ауылдарының құрылысы басталды, биыл Қызылтөбе, Дәулет, Маңғыстау ауылдарында жұмыстар жалғасуда.

Облыс әкімі жауапты тұлғаларға бекітіліп берілген елді мекендерде учаскелік полиция инспекторларына қызметтік пәтерлер бөлу мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл шара қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алуға оң әсер етеді.

Сондай-ақ, өңір басшысына аудандық коммуналдық желілердің жағдайы, тұрғындар тарапынан су тапшылығына  наразылық тудырып отырған мәселелер баяндалды. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға осы мәселені жүйелі шешуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы аудан активімен кездесті. Жиынға ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен белсенділері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров 9 айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Жиын барысында аудан тұрғындары мен қоғам белсенділері көкейде жүрген сұрақтарын  қоюға мүмкіндік алды. 

Жиналысты қорытындылай келе Нұрлан Ноғаев халықтың барлық ұсыныстары мен сұраныстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан жинақталып, пысықталатынын атап өтті.

- Қазіргі уақытта біз облысты дамыту бойынша ұсыныстар жинап жатырмыз. Оны халықпен тікелей кездескенде, әлеуметтік желілер мен Telegram чат- арқылы жинаймыз. Барлық ұсыныстарды талдап, елді мекендердің даму жоспарына түзетулер енгізу үшін пысықтайтын боламыз, - деп қорытындылады облыс әкімі.

  • 21.10.2021
  • 219
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика