• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев Мұнайлы ауданының әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты

20 қазан күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Мұнайлы ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Мұнайлы ауданы – еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін 2007 жылы құрылған алғашқы аудан. Ол кезде халқының саны 53,4 мың болса, бүгінде төрт есе артып, 177 мың адамға жетті. Халық санының артуына байланысты ауданда бірқатар әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі байқалады.
  
Алдымен аймақ басшысы бастаған жұмыс тобы оқушылары үш ауысымда оқитын Қылзылтөбе-2 ауылындағы №6 мектепке барды. Аудандық білім бөлімінің басшысы білім беру саласының мәселелеріне қатысты ақпарат берді.

Бүгінде Мұнайлы ауданында 20 мектеп бар. Онда барлығы 36 400 оқушы білім алады. Биылғы оқу жылында 6 мектепте оқу процесі үш ауысымда жүргізіліп келеді. Онда барлығы 1725 оқушы үшінші ауысымда оқиды. Оған қоса Ақтау қаласына қатынап оқитын 223 бала бар. Аудандық білім бөлімінің басшысы Батырбек Демократұлының айтуынша мектеп тапшылығын жою және үш ауысыммен оқыту мәселесін шешу мақсатында бірқатар жобалар қолға алынған.

- Бүгінгі таңда Басқұдық ауылында 600 және 1200 орындық екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса әр қайсысы 1200 орындық 3 мектептің құжаттары рәсімделу үстінде. Алдағы уақытта Атамекен, Баянды ауылдарында әр қайсысы 320 орындық қосымша жапсарлас құрылыс және Баянды 4, Жаңадәулет, Қызылтөбе-3 елді мекенінде 1200 орындық мектептің ЖСҚ-сын жасауды жоспарлап отырмыз,-деді білім бөлімінің басшысы.


Сонымен қоса инвесторлар тарапынан Маңғыстау ауылы 22 кварталдан және Қызылтөбе ауылындағы бұрынғы ҚазАТК колледжі ғимаратынан  жеке меншік мектептер салынуда.  Бұдан бөлек ауданда спорт нысандары мен мәдениет үйлері жетіспейді. Мұнайлы бойынша 7 ауылдық елді мекен болса, оның тек 4 ауылында мәдениет үйі мен кітапханасы бар. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін Атамекен, Дәулет, Батыр ауылдарында мәдениет үйі мен кітапханалар салу жоспарланып отыр. 

Мұнайлы ауданында спорт нысандарының құрылысы бақылауға алынған. Жастарды спортқа тарту мақсатында Атамекен аулында 2 спорт залы бар  кешеннің құрылысын салу  жоспарланған. Сондай-ақ, ауданға қарасты 7 ауылдық округте инвестор есебінен спорт залдарын салу белсенді қолға алынып жатыр. Мысалы бүгінгі таңда Қызылтөбе  ауылында жекеменшік 1  спорт кешені мен 1 футбол алаңы салынуда. 

Сонымен қатар Нұрлан Ноғаев Маңғыстау ауылындағы орталық аудандық емхананың жұмысымен, Батыр ауылдық округіндегі БМСККО-ның қызметімен танысты.

Мұнайлы - облыс бойынша орталық ауруханасы жоқ жалғыз аудан. Мәселе 2023 жылы шешілмек. Биыл 150 орындық аурухана салуға мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, мердігер мекеме анықталды. Бұдан бөлек  Мұнайлы ауданының  Атамекен, Батыр ауылдарында  заманауи үлгідегі үш  жекеменшік медициналық орталық бой көтеруде. Денсаулық сақтау нысандары келер жылы іске қосылып, ел игілігіне берілмек.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға Мұнайлы ауданының әлеуметтік саласының дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 21.10.2021
  • 269
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика