• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Өңірлердің теңгерімді дамуы Үкіметтің негізгі міндеті болып табылады – Ә. Қуантыров Қайта оралу

Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров Тараз қаласында өткен «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтты.Өз сөзінде вице-министр Үкімет қызметінің басты мақсаты халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдер деңгейіне дейін арттыру және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. «Әлекметтік-экономикалық даму қоғам тұрақтылығының негізгі айқындаушы факторы болып табылады. Бұл әсіресе полиэтникалық мемлекеттер жағдайында маңызды», - деді Қуантыров.Бұдан басқа, ол адамға бағдарлану 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының іргелі негізі болып айқындалғанын атап өтті. Бұл принциптің мәні жүргізіліп жатқан реформалар әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуды түпкілікті мақсат етіп қою керек.Конференция тақырыбы шеңберінде А. Қуантыров сондай-ақ жүргізіліп жатқан теңгерімделген өңірлік даму саясатының тәсілдеріне тоқталып өтті.«Жалпы, теңгерімді өңірлік даму өңірлердің әлеуетін ашуды, өңірлік диспропорцияны жою және ауылдағы аса өткір проблемаларды шешу есебінен жүзеге асырылатын болады», - деді Ә. Қуантыров.Ол Өңірлік даму жоспары шеңберінде мемлекет өңірлердің сыртқы және ішкі байланысын нығайтуға, халық өмірінің деңгейі мен сапасындағы өңірлер арасындағы алшақтықты қысқартуға, сапалы және орнықты экономикалық өсуге жәрдемдесуге назар аударатын болады деп атап өтті.Ә. Қуантыров сөз соңында өңірлік фактор елдегі әлеуметтік-экономикалық трансформация процестеріне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатынын, осы себепті Үкіметтің барлық күш-жігері қазақстандықтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, тұрақты және сапалы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.   

  • 22.10.2021
  • 328
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика