- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша ақпарат дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша ақпарат
Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп (Еңбекмині, СИМ, БҚРА, МСМ) Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлед. Ұлттық жобада 4 түйінді бағыт бойынша 10 міндетті шешуге баса назар аударылады, олар:кәсіпкерлік белсенділікті арттыру;кәсіпкерлердің өсуін ұлғайту;жаңа тауашаларды қалыптастыру;бәсекелестікті кешенді дамыту.Бірінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, оның ішінде ауылды жерлерде арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені көзделеді. Ол өз ісін ашу, кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне арналған дағдыларды дамыту үшін жағдай жасауды, оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы жағдай жасауды қамтиды.Халық арасында бизнес-құзыреттерді ұлғайту үшін кәсіпкерлік дағдыларға оқыту мүмкіндігі беріледі. 150 мың жұмыссыз бен нәтижесіз жұмыспен қамтылған адам аталған шарамен қамтылады. Қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 637 940 бірлікті құрайды. Сондай-ақ 995,3 мың жұмыс орны құрылады, оның ішінде тұрақты – 335,1 мың, уақытша – 660,2 мың.Кәсіпкерлердің өсуін ұлғайтуды болжайтын екінші бағыт бойынша кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені ауқымды түрде төмендету жоспарланып отыр. 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік реттеу құралдары (талаптар, рұқсаттар, есептілік, мемлекеттік бақылау) қайта қаралады. Сондай-ақ есептілікті мемлекеттік органдарды тексеру жүйелерімен интеграциялау қамтамасыз етіледі.Бизнес үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін «Бизнеске арналған үкімет» порталымен біріктіру арқылы іске асырылады.Барлық жоспарланған шараларды іске асыру бизнеске түсетін жүктемені түбегейлі азайтуға және жаңа экономикалық ахуал жағдайында іскерлік белсенділікті дамытуға мықты серпін беруге мүмкіндік береді.Кәсіпкерлердің өсуі мен дамуы үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында бизнесті белсенді мемлекеттік қолдау жалғасатын болады.Бұл ретте қаржылай қолдау бизнестің санаты мен оның қажеттіліктерін ескере отырып ұсынылатын болады. Микробизнес субъектілері үшін микрокредиттер мен гранттар түрінде қаржылай қолдау көрсетілетін болады.8,6 мыңнан астам азамат өз ісін ашу және дамыту мақсаттары үшін микрокредиттерге қол жеткізе алады. 50 мыңнан астам жас кәсіпкер жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттарға қол жеткізе алады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 50 мың азамат өзінің кәсіпкерлік әлеуетін ашу үшін гранттар ала алады.Шағын және орта бизнес субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беру сияқты қаржылық ынталандыру шаралары қолжетімді болады. Ұлттық тауар өткізу желісін қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады.2025 жылға қарай бөлуде, саудада және сақтауда мамандандырылған 24 КТО құрылатын болады; 5 трансшекаралық сауда орталығын құру/жаңғырту; сондай-ақ 103 сауда объектісін стационарлық форматта жаңғырту жүзеге асырылады. Жаңа тауашаларды қалыптастыру жөніндегі үшінші бағыт шеңберінде туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар шаралар көзделген. Елдің туристік әлеуетін ашу мақсатында 1000 инвестициялық жоба іске асырылатын болады (оның ішінде орналастыру орындары, туристік кешендер, тақырыптық парктер, визит-орталықтар), жол бойындағы сервис желісін дамыту қамтамасыз етіледі.Нәтижесінде 2025 жылға қарай туризм саласының ЖІӨ-дегі көлемі 1,5 есеге (2019 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда), салаға жеке инвестициялар көлемі 3 еседен астамға өседі. Ішкі туристік ағын 4,5-тен 8 млн. адамға, сырттан келетін туристер саны 1 млн.адамнан 3 млн. адамға дейін (2019 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда) артады.«Сапарлар» жіктемесі бойынша көрсетілетін қызметтер экспорты 6,5 есе 3 млрд. АҚШ долларына дейін өседі.Сондай-ақ гидтер мен экскурсия жүргізушілердің қызметін 95% - ға дейін цифрландыру, туристік маршруттарды мобильді байланыспен қамтуды 1,8 есеге ұлғайту, орналастыру орындарының 95%-ын E-QONAQ ақпараттық жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда.Бәсекелестікті кешенді дамыту үш міндетті іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.1. Баға белгілеудің бұрмалануын жою арқылы электр энергетикасы саласындағы нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.Бұл міндет бәсекелес орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын өткізу көлемін ұлғайту, электрмен жабдықтау тарифтерін саралауды алып тастау және электр энергиясын жеткізушіні ауыстыру үшін онлайн-платформаны (marketplace) енгізу жөніндегі шараларды қамтиды.Нәтижесінде орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын өткізу үлесін өткізудің жалпы көлемінен 30%-ға дейін ұлғайту, сондай-ақ айырманы кезең-кезеңімен қысқарту және тұтынушылар топтары арасында электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтерін саралауды алып тастау қамтамасыз етілетін болады. Бұл бюджет үшін жыл сайынғы шығыстарды 20 млрд.теңгеге дейін, ШОБ үшін 31 млрд. теңгеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.Бұдан басқа, электр энергиясын баламалы жеткізушілерге көшкен тұтынушылардың үлес салмағын 10 есе арттыру көзделген. 2. «Негізгі қуатқа» қолжетімділікті қамтамасыз ету және баға белгілеудің бұрмалануын жою шеңберінде биржалық сауданы дамыту.Екінші міндет биржалық сауда-саттық көлемін ұлғайту, биржадан тыс мәмілелердің кемінде 50%-ын тіркеу, ашық биржалық баға белгілеулерді қалыптастыру, сондай-ақ биржалық сауда тәртібін регламенттеу арқылы іске асырылатын болады.2025 жылға қарай бензин, дизель отыны, авиакеросин, битум, сұйытылған мұнай газы нарықтары биржалық саудамен қамтылатын болады.3. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.Сондай-ақ, 20 монополиялық операторды тарату және қайта ұйымдастыру көзделеді. 2025 жылға қарай бірыңғай операторлар саны 1,6 есеге 30 бірлікке дейін қысқарады.Бәсекелестікті кешенді дамыту мемлекеттің экономикадағы үлесін 2025 жылға қарай 14%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 8,5 трлн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджетте 1 трлн. теңгеден астам, жергілікті бюджеттерде 125 млрд.теңгеден астам қаражат көзделген.Сондай-ақ, 7,3 трлн. теңге жеке инвестициялар тартылады.Ұлттық жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамытуға; экономика салаларын әртараптандыру драйвері – орта бизнесті нығайтуға; кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар жасау үшін бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған.Ұлттық жобаны іске асыру нәтижелері бойынша мынадай стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізілетін болады:- ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 35%-ға дейін ұлғайту;- 995,3 мың жұмыс орнын құру;- мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ға дейін төмендету.Ұлттық жоба Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын және «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру үшін қалыптастырылды.
- 22.10.2021
- 250