• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Венгрия арасындағы а.ж. 7 айдағы тауар айналымы $79 млн

Қазақстан мен Венгрия арасындағы сауда көлемі ағымдағы жылғы 7 айда $79 млн-ға жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қазақстандық-венгерлік бизнес-форум барысында хабарлады. Министр бүгінде Қазақстанда венгерлік капиталдың қатысуымен 29 компания және 41 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті. Соңғы 10 жылда Венгрия отандық экономикаға $226 млн, 2021 жылғы 6 айда – $14,6 млн инвестиция салған. «Біз Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, Қазақстандық-венгерлік стратегиялық кеңес отырыстары шеңберінде табысты жұмыс істеудеміз. Бұл екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытудың тиімді алаңы», - деді Ә.Ерғалиев. Министр Қазақстандағы ағымдағы экономикалық жағдай туралы баяндады. 2021 жылғы 9 айдағы ЖІӨ өсуі – 3,4%. Әсет Ерғалиев сонымен қатар елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары туралы хабарлады. Биыл қолдаудың жаңа құралы – Инвестициялар туралы келісім заңды түрде енгізілді. Онда инвесторды дербес қолдау шарасы ұсынылған. Сонымен қатар эпидемиологиялық ахуалы қолайлы және вакцинациялау деңгейі жоғары 30 елмен визасыз режім қалпына келтірілді. Салықтық ынталандыруларға келсек, басым саладағы инвесторлар корпоративтік табыс және жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босатылды. 13 арнайы экономикалық аймақ пен 23 индустриялық аймақ қатысушыларына жеңілдік пакеті ұсынылған. Рұқсат беру рәсімі жеңілдетіліп, қажетті инфрақұрылым қарастырылды. Елге инвестиция салуды қауіпсіз ету үшін Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істеуде. Шанхай қор биржасы және NASDAQ-пен бірлесіп, АХҚО биржасы іске қосылды. Орталықтың аумағында нөлдік мөлшерлемемен қолайлы корпоративтік және жеке табыс салығы режімі, сондай-ақ оңайлатылған визалық режім қолданылады. Сонымен қатар, венгерлік әріптестерге 180 млн-нан астам халқы бар ЕАЭО елдері нарығын көздей отырып, Қазақстанда жоғары технологиялық бірлескен кәсіпорындар құру ұсынылды. «Венгрия – Қазақстанның Шығыс Еуропадағы негізгі әріптесінің бірі. Екі ел арасында ауқымды нормативтік-құқықтық база құрылып, орнықты сауда-экономикалық байланыс жолға қойылған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру біздің экономикалық ынтымақтастығымыздың іргетасын нығайтып, келешектегі қарым-қатынасымызды бұдан да жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді министр.

  • 28.10.2021
  • 318
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика