- Блогтар
- Қамбаров Қ.Т.
Қамбаров Қ.Т.
ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын жүзеге асыру мәселелері
2021 жылғы 28 қазан, Нұр-Сұлтан.
«Ұлттық Рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша жас сарапшылармен кездесу өтті.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров кездесуге қатысушыларды «Ұлттық Рухани жаңғыру» ұлттық жобасының негізгі бағыттары, міндеттері мен іс-шаралары туралы хабардар етіп, қойылған міндеттерді іске асыруға жас мамандарды тартудың маңыздылығын атап өтті.
Талқылау барысында қатысушылар «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағытында қарастырылған жастарға арналған мүмкіндіктерге және үш міндетті шешуге ықпал ететін шаралар кешеніне назар аударды:
Жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту;
NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру;
Жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту.
- 29.10.2021
- 248