- Блогтар
- Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жастарына арналған тренинг
Тәжірибелік семинар-тренинг барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдеріне интеркультурализм қағидалары, киберкеңістіктегі қауіпсіздіктің психологиялық аспектілері туралы айтылды.
Тренинг жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаты, "Возрождение" қазақстандық немістер бірлестігінің төрағасы Альберт Рау, этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар өкілдері қатысты.
Қатысушылар өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, сондай-ақ этносаралық қатынастарды дамыту ісіндегі бірлескен жұмыстың жобалары, мүмкіндіктері мен перспективалары туралы айтты.
Іс-шарада этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудегі қоғамның драйвері - Қазақстан жастары болып табылатыны атап өтілді.
- 03.11.2021
- 224