- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2021 ж. 04-09 Қараша аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,33 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,04 м-ден 28,97 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,47 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,06 м-ден 28,99 м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2021 ж. 28 қазан – 03 қараша аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы, Тюлений аралы (Росгидромет)) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,46 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,14 м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,91 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,45 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,07 м-ге, ең төменгі мәні минус 28,99 м-ге сәйкес келді.
2021 ж. 03 қараша ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті («NASA» жобасының суреті).
- 06.11.2021
- 189