• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Мен диалогқа әзірмін». Энергетика министрі «ақ» майнерлермен кездесті

Энергетика министрлігінде қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының, Дата-орталықтар мен технологиялардың блокчейн және индустрия қауымдастығының, сондай-ақ ҚР ЦДИАӨМ және "KEGOC"АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Тараптар цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды электрмен жабдықтау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында министр Мағзұм Мырзағалиев заңнама талаптарын сақтайтын майнинг фермалары үшін электр энергиясы шектелмейтінін және олар ажыратылмайтынын атап өтті.

Өз кезегінде, майнерлердің дата-орталықтары өз қызметін елдің энергетикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей жүзеге асыруы тиіс.

Министрдің айтуынша, цифрлық майнингпен айналысатын кәсіпкерлер басқа салалардың өкілдері сияқты бизнес субъектілері болып табылады және оларға қатысты кемсітушілік болмауы тиіс.

«Блокчейн индустриясының жоғары әлеуетін ескере отырып, оны одан әрі дамыту үшін күш-жігерді біріктіру қажет. Мен диалогқа әзірмін, сондықтан біртұтас электр энергетикалық жүйенің сенімділігін қамтамасыз ету үшін «ақ» майнерлерді шешімдерді бірлесіп іздеуге шақырамын», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Қауымдастық басшылары отандық қана емес, сондай-ақ импорттық электр энергиясын сатып алу мүмкіндігін қарастыруға, сондай-ақ ЖЭК-ті қоса алғанда, жаңа энергия қуаттарын құру үшін инвестиция салуға дайын екендігін хабарлады.

Энергетика министрлігі ЦДИАӨМ-ге цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын талаптар мен критерийлерді белгілеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Бұл «сұр» майнерлерді  анықтауға және оларға қатысты шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, себебі оларға өз қызметін жалғастыру үшін бизнесін тіркеп, заңдастыру қажет.

«Энергетика министрлігімен сындарлы диалог орнаттық. Бізді мазалаған сұрақтарымыздың барлығына жауап алдық. Әрине, біз де еліміздің азаматтары ретінде электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығына мүдделіміз. Біз жақын арада мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталатын бірқатар ұсыныстар енгіздік»,-деді Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы төралқасының төрағасы Исламбек Салжанов.

«Сұр» майнерлер – бұл негізінен цифрлық майнинг энергиясын тұтынуды басқа негізгі қызметтің арқылы жасыратындар. Көбінесе бұл фермалар электр энергиясын тұтынудың өсуін болжау мүмкін болмайтын жерлерде орналасқан, мысалы, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің елді мекендерінде. Мұндай «сұр» майнерлермен күресу қажет, тек мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың бірлескен күш - жігерімен біз нәтижеге қол жеткізе аламыз»,-деп қосты Дата-орталықтар мен технологиялардың блокчейн және индустрия қауымдастығының төрағасы Алан Дорджиев.

Дата-орталықтар мен технологиялардың блокчейн және индустрия қауымдастығының деректері бойынша жыл сайын блокчейн-технологиялар индустриясынан мемлекет бюджетіне 127,5 млрд.теңгеден астам түсетіні атап өтілді. Бес жыл ішінде салаға 500 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылатын болады. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік хешрейттегі 18,1% үлесімен биткоин майнингі  бойынша әлемде екінші орында.

Кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен хаттамаға қол қойылды, оған сәйкес тараптар:

- Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясы мен қуатының тапшылығы туындаған кезде халыққа, әлеуметтік объектілерге және электр энергиясын шектеуді енгізуге жол бермеу туралы;

- теңгерімдеуші нарықты (demand-response) іске қосу туралы заңнамалық актіні қарауды және қабылдауды жеделдету;

-электр энергиясын сатып алуға кепілдік бере отырып, «ақ» майнерлерге қатысты (off-take келісімшарттары) Қаржы-есеп айырысу орталығы арқылы жаңа ірі ЖЭК жобаларын дамыту үшін инвестициялар тарту туралы келісті.

Тараптар электр энергиясы нарығын тұрақтандыруға және жаңа индустрия ретінде цифрлық майнингті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

  • 10.11.2021
  • 234
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика