• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Энергетика министрлігі: Жамбыл ГРЭС-інде электр генерациясын арттыру үшін үшінші блок іске қосылады

Тұрғындар мен әлеуметтік  объектілер электр энергиясынан ажыратылмайды. Осыны бүгін Жамбыл облысында өткен көшпелі кеңес барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев бейінді компаниялар мен ұйымдарға тапсырды.

«Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-i» АҚ-ының жұмыс тәртібі жөніндегі кеңесіне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ының, «ҚазТрансГаз» АҚ-ының Жамбыл өндірістік филиалының, «Жамбыл электр желілері» ЖШС және «Жамбыл жарық сауда 2030» ЖШС Бақылау кеңесінің басшылары қатысты. Сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға онлайн-режимде еліміздің барлық өңірлерінен энергиямен жабдықтаушы және электржелілік компаниялардың акционерлері мен басшылары қатысты.

Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) энергия тапшылығы бар Оңтүстік аймағында электр энергиясын тұтыну ағымдағы жылы 12%-ға өскені атап өтілді. Тұтынудың өсуіне байланысты «KEGOC» АҚ 500 кВ транзитін солтүстік-оңтүстік бағытында артық жүктеме түседі, электр энергиясын генерациясы  мен тұтынудың теңгерімсіздігі пайда болады. Электр энергиясын өндіру мүмкіндігіне қарағанда тұтыну артық. Осыған байланысты Жамбыл ГРЭС резервтері пайдалануға беріледі.

Жамбыл ГРЭС басшылығы бүгін электр энергиясын өндіруді арттыра отырып, үшінші блокты іске қосуға техникалық дайындығы туралы баяндады.

Министр ағымдағы жылдың 30 қазанында «Жамбыл ГРЭС» АҚ-ының электр энергиясына шекті тарифтері бекітілгенін хабарлады.

Жүйелік оператор күн сайын энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қоса алғанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері тарапынан электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесінен ауытқулар мен бұзушылықтарды тіркейді.

«Дәстүрлі түрде электр энергиясы мен қуаттың тапшылығы кешкі максималды тұтыну сағаттарында белгіленеді. Бірақ аймақ тұрғындары мен ауруханалар мен мектептер сияқты әлеуметтік нысандар электр жарығынсыз қалмауы керек. Энергетика министрлігі мұндай шараларға үзілді-кесілді қарсы», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Осыған байланысты Энергетика министрі «КЕГОК» АҚ-ға, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен (АЭҚБК) бірлесіп, апта соңына дейін талдау жүргізуді және тұрмыстық тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, Министр Жамбыл ГРЭС-інің 4 және 5-ші блогын қалпына келтіруге кірісу міндетін қойды, бұл болашақта электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік берер еді.

Кеңес қорытындысы бойынша ведомство басшысы «KEGOC» АҚ-ына тәулік сайын тұтынушылар және олардың арасында бөлінген электр энергиясының көлемі туралы ақпарат беруді тапсырды.

Энергия беруші компанияларға энергияны асыра тұтыну фактілері бойынша, оның ішінде «сұр» майнерлерді анықтау бойынша тиісті жұмыс жүргізу тапсырылды.

  • 10.11.2021
  • 260
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика