- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Алматыда өткен IX Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресіне қатыcтым
Алматыда өткен IX Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресіне қатысып, Ұлттық қордан тартылатын қаражатты қысқарту бойынша жоспарлар, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, көлеңкелі экономиканы азайту, оның ішінде бақылау-өткізу пункттерін реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру шаралары және кедендік функцияларды орталықтандыру туралы баяндадым.
Сондай-ақ, мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын әзірлеу мәселесі туралы да сөз қозғалды.
Қазақстан қаржыгерлерінің конгресіне еліміздің экономикалық сала министрліктері мен қаржы ұйымдарының басшылары жиналып, экономика және қаржы саласындағы кең ауқымды мәселелерді талқыға салынды.
- 17.11.2021
- 308