• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: Балаларымыздың болашағы мектептегі білім сапасына байланысты

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында білім беру саласын дамыту мен сапасын арттыру бойынша мәселе қозғалды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының басшысы Светлана Төлебаева аймақ мектептерінің білім сапасын арттыру мақсатында білім басқармасы мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" арасында меморандум жасалғанын айтты.
Құжат негізінде мектеп директорлығына үміткерлердің кадрлық резервін даярлау үшін жергілікті бюджет есебінен мектеп директорлары мен орынбасары лауазымдарындағы 50 адам «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында біліктілік арттыру курстарынан өткен. 

Ағымдағы оқу жылының өзінде өңірде 9 мектеп ашылды. Оның 7-еуі жекеменшік. Жыл соңына дейін Ақтау және Бейнеуде 3 мектептің қосымша құрылысы пайдалануға беріледі. Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу есебінен соңғы үш жылда орта білім беру саласында жекеменшік сектордың үлесі артқан. 

2019-2020 оқу жылында облыста 5 жекеменшік мектеп болса, биылғы оқу жылында олардың саны 18-ге дейін көбейді. Олардың ішінде 14 мектеп мемлекеттік тапсырысқа ие болды.

Аймақ басшысы білім сапасының көрсеткіші мұғалімнің білімі мен жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтіп, жауапты тұлғаларға жекеменшік мектептердегі білім сапасын бақылауда ұстауды тапсырды. 

 Облыс әкімі білім беруді қаржыландыру жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

- Облыстық бюджеттің жартысы білім беру саласына кетеді. Қаржыландыру жыл сайын өсуде бірақ, өкінішке орай, сапа көрсеткіштері өзгермейді. Біз білім беру сапасы бойынша республикадағы соңғы орындардың бірінде тұрмыз, себебі неде екенін кім түсіндіре алады? 
Біздің міндетіміз - түрлі рейтингтерде жоғары орын алу емес, білім беру сапасын жақсарту. Балаларымыздың болашағы осыған байланысты. Осы салаға жауапты тұлғалар,барлық деңгейдегі әкімдер сапалы оқу процесін ұйымдастыру үшін бар күш-жігерін салуы тиіс, - деді Нұрлан Ноғаев.

Осыған орай бірқатар жауапты мамандар білім беру саласын дамытуға қатысты нақты тапсырмалар алды. 

Сонымен қатар жиында, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің  қызметі және білім беру сапасын арттыру мәселелері  талқыланды. 
Университет құрылымында 5 факультет, 1 академия, 
1 колледж бар. Университет  Маңғыстау облысының тұрақты дамуына үлесін қосу мақсатында  2025 жылға дейінгі даму стратегиясын жасақтаған. 

Облым әкімі жауаптыларға университет қызметкерлерінің ғылыми әлеуетін барынша өңірді көгалдандыруға, ауыл шаруашылығына және басқа да салаларға пайдалануды тапсырды.

  • 17.11.2021
  • 171
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика