• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында "Нұр капитал" бағдарламасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады

26 қазанда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында жобаларды қарау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Комиссия отырысында «Нұр капитал» бағдарламасы аясында 1% несиемен қаржыландырылатын 4 жоба қаралды. 

Бірінші жобада кәсіпкер Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылынан жылыжай салып, 500 тонна қияр, 500 тонна қызанақ өсіруді жоспарлап отыр. Жоба облыс тұрғындарының қызанаққа 10,4% және қиярға 8,2% қажеттілігін өтеуге әсер етеді. 

Екінші жобада Қарақия ауданының кәсіпкері жол бойында жолаушыларға жайлы қызмет көрсету мақсатында хостел салуды көздейді. Жоба бойынша хостелдің жалпы аумағы 400 шаршы метр. 

Үшінші жобада Мұнайлы ауданының тұрғыны жеке шаруа қожалығында ірі қара мал бордақылау арқылы ет өнімдерін өндіру үшін жеңілдетілген несие сұрады. Кәсіпкер 40 бас сиыр мен 40 бас жылқы салып алып, семіртіп нарықтағыдан төмен бағамен ет сатуды жоспарлап отыр. 

Төртінші жобада жеке кәсіпкер комиссия мүшелеріне Жаңаөзен қаласынан «Репетиторлық орталық ашу» жобасын ұсынды. Орталық алғаш ашылған кезде 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.  

Комиссия мүшелерінің шешімімен 4 жоба да мақұлданды. 

Айта кетсек, "Нұр Капитал" өңірлік бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алу үшін кәсіпкер екінші деңгейлі банктен 8,5% - бен несие алады, оның 7,5% - ын мемлекет "Каспий "ӘКК" АҚ арқылы субсидиялайды. Нәтижесінде кәсіпкер несие бойынша пайыздық мөлшерлемені 1% - бен төлейді. Несие сомасы 30 млн.теңге. Субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін.

  • 17.11.2021
  • 171
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика