• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрі ОКҚ-да 2025 жылға дейінгі үш ұлттық жобаны таныстырды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген 3 ұлттық жобаны таныстырды.«Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандықтардың әл – ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», сондай-ақ «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» сияқты 3 ұлттық жобаны әзірледі», - деді Ерғалиев.«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы индустриялық-инновациялық дамуды, мұнай-газ-химия және энергетика кешенін, геология саласын дамытуды, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді қамтиды.Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн теңге. Бұл ретте 402 млрд. теңге республикалық бюджеттен, 15,5 трлн теңге – жеке инвестиция.Ұлттық жоба өңдеуші өндіріс көлемін ұлғайту мен өңдеу өнеркәсібі тауарларының номенклатурасын кеңейтуге ықпал ететін 418 индустриялық жобаны іске асыруды көздейді. Бұдан басқа, 1000 белсенді экспорттаушыны сыртқы нарыққа, сондай-ақ 350 экспорттаушыны Alibaba, Amazon, OZON электрондық сауда платформасына шығару жоспарланып отыр. 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі.  Кәсіпкерлікті дамытуға келсек, бұл ұлттық жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге және жаңа тауашаларды құруға, сондай-ақ бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған. Қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 8,5 трлн. теңге, соның ішінде, республикалық бюджеттен 1 трлн. теңгеден аса, жергілікті бюджеттен 125 млрд.теңге, жеке инвестиция арқылы 7,3 трлн теңге тарту қарастырылған.Экономикалық ведомство басшысының айтуынша, ұлттық тауар өткізу желісін қалыптастыру жобасы жоспарлануда. «Бастау Бизнес» шеңберінде жеке ісін ашқан кәсіпкерлер саны 1,7 есе артады. 2025 жылға қарай қысқамерзімдік кәсіптік оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 55-тен 80%-ке дейін өседі. Ал қаржылай қолдау шарасы кәсіпкерлік субъектілерінің 52 мың жобасына ұсынылады.«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру негізгі қызметтерге тең қолжетімділікті және елдің көліктік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржыландырудың жалпы көлемі 7,6 трлн. теңге, оның ішінде 4 трлн. теңге республикалық бюджеттен, 786 млрд. теңге жергілікті бюджеттен қарастырылады. Бұл қаржы 2,8 трлн. теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді.Ұлттық жоба арқылы тұрғын үй құрылысына 13,5 трлн теңге инвестиция тарту, 16 мың шақырым сумен жабдықтау және су тарту желісін салу, екінші жол құрылысын салу мен «Достық–Мойынты» учаскесін электрлендіру және «Түркістан – Шымкент–Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралын салу есебінен Қытай-Еуропа-Қытай жолының өткізу қабілетін 5 есе арттыру көзделеді.«Ұлттық жобаларды тиімді іске асыру орнықты экономикалық өсуді 5%-тен кем емес деңгейде қамтамасыз етуге, халықтың табысын 27%-ке арттыруға және еліміз  бойынша 450 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша Қазақстанның ұстанымын 40-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Әсет Ерғалиев.

  • 18.11.2021
  • 469
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика