• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика вице-министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің міндетін атқарушымен кездесті

Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров АҚШ Мемлекеттік департаментінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының экономикалық және іскерлік мәселелер жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Эрик Вудхауспен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мәселелері бойынша кездесу өткізді.Вице-министр атап өткендей, Қазақстан ЭЫДҰ-ның бірқатар өңірлік бастамаларының ұзақ уақыттан бергі белсенді қатысушысы. 2021 жылы ЭЫДҰ-ның Орталық Азия елдері бойынша бастамасында Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының тең төрағасы болып сайланды. Бұл Қазақстанның еуразиялық кеңістікте ЭЫДҰ-ның үздік тәжірибесі мен стандарттарын таратуда өзіндік «хаб» болуына мүмкіндік береді.«Бүгінде Қазақстан ЭЫДҰ-ның жекелеген жұмыс органдарына ерекше қызығушылық танытып отыр. Олардың қызметі Қазақстанның Ұлттық даму жоспарында қойылған мақсаттарды іске асыруға көмектеседі. Мұндай жұмыс органдарына Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет, Сауда жөніндегі комитет, Корпоративтік басқару жөніндегі комитет, Дамуға жәрдемдесу жөніндегі комитет, Ауыл шаруашылығы жөніндегі комитет, сондай-ақ Цифрлық экономика саясаты жөніндегі комитет жатады», - деді Қуантыров.Ұлттық экономика министрлігі басшысы орынбасарының айтуынша, Қазақстанның комитеттерге қатысуы және осы бағыттардағы жаңа саясатты іске асыруы қазақстандық экономика үшін экономикалық тиімділікті дамытуға, орнықты және инклюзивтік өсуге, қаржылық тұрақтылықа ықпал етеді.Э.Вудхаус жаңа әкімшіліктің ұйымның одан әрі өсуіне және нығаюына бейілділігін жариялады. Өйткені бұл прогрессивті, озық тәжірибелердің кеңінен жаһандық таралуын білдіреді. Осыған байланысты америкалық тарап Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіру мәселесіне шынайы көзқарасын атап өтіп, белсенді диалогты жалғастыруға дайын екенін білдірді.«Біз 30 жылғы дипломатиялық қарым-қатынасымызды өзара тиімді түрде құра алдық. Таяу жылдары оны жаңа деңгейге көтеретінімізге сенімдімін. Бүгінгі кездесу осы бағытқа өз үлесін қосады деп үміттенемін», - деді вице-министр.

  • 18.11.2021
  • 250
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика