• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қоғамдық тамақтанудағы міндетті талаптардың 48%-і реттеушілік саясатқа сәйкес келмейді – Тимур Жақсылықов

Қоғамдық тамақтандыру саласында 67 НҚА-да 1700-ге жуық міндетті реттеушілік талаптар бар және олардың 48%-і реттеушілік саясат талабына сәйкес келмейді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресі барысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов хабарлады.Бірінші вице-министр жаңа реттеушілік саясат туралы заң қабылданғанға дейін пилоттық салада реттеушілік талапты тексеру басталғанын атап өтті. Қоғамдық тамақтандыру саласында 67 НҚА-да 1700-ге жуық міндетті реттеушілік талап бар екені және олардың 48%-і реттеушілік саясат талабына сәйкес келмейтіні анықталды. Олар қайта қаралуы немесе жойылуы тиіс.Министрдің орынбасары сонымен қатар өз сөзінде 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында және Ұлттық жобаларда айқындалған ұзақмерзімдік және орнықты экономикалық өсуге көшу бойынша 5 негізгі бағытты ұсынды.«Бес негізгі бағытты атап өту қажет. Біріншіден, бұл негізгі капиталға инвестиция өсуін қамтамасыз ету, екіншіден, инфрақұрылым құрылысы, үшіншіден, адами капиталды дамыту, төртіншіден, цифрлық шешімдерге баса назар аудару және цифрлық экономикаға көшу, бесіншіден, бәсекелестікті дамыту, мемлекет иелігінен алу, бизнеске қатысты жаңа реттеу саясатына көшу», - деді Жақсылықов.Оның айтуынша, инвестициялар ағынын ынталандыру үшін инвестор құқығы деңгейін арттыру, инвестициялық қызметті реттеудің құрылымы мен сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданады. Инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар берудің ерекше шарты мен тәртібі ұсынылады.Екінші бағыт шеңберінде негізгі күш-жігер өңірлердің инфрақұрылымдық байланысын жақсартуға, елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге және ұлттық тауар өткізу желісін құруға бағытталады.Үшінші бағыт адами капиталды, дуалдық білім беру негізінде техникалық және кәсіптік оқыту сапасын жақсартуды, академиялық артықшылық орталықтарын және ұлттық біліктілік органын құруды көздейді.Экономика секторларын цифрландыруға келсек, орнықты экономикалық өсуге көшуге мүмкіндік беретін өмірдің түрлі салаларын цифрлық трансформациялау ұзақмерзімдік перспективадағы түйінді шараның бірі.Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігі басшысының орынбасары бәсекелестік саясаттың маңыздылығын атап өтті. «Бәсекелестік негізде жұмсақ құқықты қолдануға, негізгі қуатқа қол жеткізуге, мемлекеттік тапсырмаларды қысқартуға, бір көзден мемлекеттік сатып алуға және мемлекеттік меншікті одан әрі жекешелендіруге баса назар аударылады», - деді спикер.Бұдан басқа, жаңа реттеушілік саясатты қалыптастыру үшін міндетті талаптарға ревизия жүргізіліп, тізілім жасалады. Мәжілісте бірінші оқылымнан өтіп, жыл соңына дейін қабылданатын жаңа реттеу саясаты туралы заң жобасы әзірленді.Осылайша, реттеуші гильотина қағидаты 2022 және 2023 жылдары іске асырылады. Осы заң жобасында «1 in 2 out» қағидатын енгізу көзделген. Ол мемлекет жаңа талапты енгізген кезде құқықтық реттеудің сол саласында қолданылатын екі талаптың күшін жоюды көздейді.

  • 18.11.2021
  • 470
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика