• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспары аясында Жаңаөзенде бірқатар әлеуметтік нысандар салынады

Жаңаөзенге жасаған жұмыс сапарының соңында облыс әкімі қала активімен кездесіп, қала аумағын дамыту бойынша ұсыныс-пікірлерін тыңдады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, облыс әкіміне сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Жиын барысында Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров 10 айдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндама жасады.

Мақсат Ибағаровтың айтуынша, жуырда қабылданған Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Жаңаөзен қаласында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылады.

Облыс басшылығы басты мақсат етіп қойған ауыз су мәселесін шешу бағытында Кендірлі аймағынан теңіз суын тұшытатын зауыт салынады. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін тәулігіне 50 мың текше метр ауыз су өндіреді деп жоспарланған. Арматура, құрылыс бұйымдарын шығаратын зауыт жобасы да жасалуда.

Кешенді жоспар аясында бюджет саласы қызметкерлеріне арналған 180 орындық жатақхана, кітапханасы бар жастар сарайы, әмбебап спорт кешендері, драма театры және қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында мұз айдыны бар кешен бой көтермек. Қалалық автобус паркін жаңарту да көзделіп отыр. 

Аталған жобалардың жүзеге асуы жүздеген жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласының 200-ден астам тұрғынын бизнес негіздері бойынша оқыту қарастырылған.

Облыс әкімі Президент тапсырмасы бойынша Үкімет қабылдаған кешенді жоспар жаңаөзендіктердің өмір сүру сапасын жақсартуға арналғанын атап өтті.

- Кезінде 16 мың тұрғыны бар Жаңаөзен бүгінде 160 мың халқы бар үлкен қалаға айналды. Елбасының бағдарламалық мақалаларында әрбір қала мен елді мекен тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін жағдай жасау міндеті көрсетілген.  Бұл мақсаттар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында да белгіленген. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына келген сапарында Үкіметке пен жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берді. Соның негізінде әрқайсымыз өз лауазымдық міндеттеріміздің аясында өңірді дамытуға күш салуымыз керек, - деді Нұрлан Ноғаев.

Жиналысты қорытындылай келе Нұрлан Ноғаев халықтың барлық ұсыныстары мен сұраныстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан жинақталып, пысықталатынын атап өтті.

  • 22.11.2021
  • 195
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика