• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТМРК-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кезекті кеңесі өтті

2021 жылғы 19 қарашада Тарифтік ведомство басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Жапсарбайдың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған төзбеушілік жөніндегі кеңес өтті.

Кеңес Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде мемлекеттік басқарудың жаңа моделі және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою бойынша шаралар бөлігінде Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық департаменттері қызметкерлері арасында өткізілді.

ТМРК басшысының орынбасары өз сөзін Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мемлекеттік қызметшілердің азаматтарға лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, заңның үстемдігін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттері туралы сөздерінен бастады.

Сөз сөйлеу барысында Асхат Жапсарбай ведомство қызметкерлеріне ТМРК-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын қолдану қажеттілігі туралы еске салды, оның мақсаты Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру болып табылады.

Сондай-ақ, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, жаңадан және алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілердің арнайы тексеруден өту рәсімдері, мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жыл сайын тапсыру, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерін сақтау және басқа да мәселелер егжей-тегжейлі қозғалды.

ТМРК басшысының орынбасары, сондай-ақ Комитет атына күнделікті келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесіне де тоқталды.

«Өтініштерді қарау кезінде заңнаманы басшылыққа алу қажет және әрбір өтініш белгіленген мерзімде жан - жақты қаралуы тиіс», - деп атап өтті Асхат Жапсарбай.

Ол сондай-ақ қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапасыз көрсетуге шағымдардың болмауы, сондай-ақ ішкі талдау тексеру нәтижелері бойынша, Комитет пен оның департаменттерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болмауы бөлігінде оң динамиканы атап өтті.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты барынша азайту мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асыратын жалпы республикалық «Адалдық алаңы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасының жұмыс істеуі қысқаша атап өтілді.       «Өз жұмыстарыңызда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмысты жеделдетуді сұраймын», - деді аумақтық департаменттерінің басшыларына төрағаның орынбасары.

Қорытындысында, Асхат Жапсарбай мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін дұрыс қолдану мен зерделеу қызметтегі басымдықтарды дұрыс қоюға және жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, кез келген адам сенім телефонына (ТМРК-ның сайтында көрсетілген) қоңырау шалып, оған Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде жүгіне алатынын және қандай да бір қызметкердің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері туралы хабарлай алатынын тағы да еске салды.

  • 23.11.2021
  • 300
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика