- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Сенат депутаттары Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті бекітті
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын мақұлдады. «Кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы 2,4 трлн теңге, 2023 жылы 2,2 трлн теңге және 2024 жылы 2 трлн теңге мөлшерінде белгілеп, әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылып отыр», - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Сенаттың жалпы отырысында. Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы әзірленді.Тартылатын қаражат республикалық бюджеттен төленетін ортақ және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне жұмсалады. Сенаторлар заң жобасының негізгі нормаларын қолдай әрі қаражаттың бір бөлігін нақты өңірлік проблемаларды шешуге бағыттауды ұсына отырып, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды сенаторлар өзгеріссіз қабылдады.
- 24.11.2021
- 363