• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен SPECA елдері арасындағы а.ж. 9 айдағы тауар айналымы $4,8 млрд-ты құрады

Қазақстан мен SPECA елдері арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылғы 9 айда $4,8 млрд-ты құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 27,3%-ке жоғары. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров «Пандемиядан кейінгі жасыл және инклюзивтік экономиканы дамыту үшін тұрақты көлік және сауда» SPECA 2021 экономикалық форумында хабарлады. Вице-министр бүгінде Қазақстанда SPECA елдерінің 4400 компаниясы және 800 бірлескен кәсіпорыны жұмыс істейтінін атап өтті. Соңғы 10 жылда SPECA отандық экономикаға $210,7 млн инвестиция салды. Министрдің орынбасарының айтуынша, Қазақстан жаһандық трендтерден тыс қалмайды және «жасыл экономикаға» көшу шараларын қабылдауда. 2013 жылы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама қабылданып, «жасыл» өсуге қол жеткізу және экономиканы терең декарбонизациялау үшін экономиканы дамытудың ұзақмерзімдік нұсқаларын қамтитын 2060 жылға дейінгі Төменкөміртектік даму стратегиясы әзірленуде.  Сонымен қатар, 2020 жылғы желтоқсанда климаттың өзгеруіне байланысты өршіл міндеттер жөніндегі Саммит кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2060 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларының нөлдік теңгеріміне қол жеткізу мақсаты туралы мәлімдеді.   Қазақстан жасыл трансформациямен қатар, SPECA шеңберінде автожолдар желісін арттыруға, олардың сапасын көтеруге, жетіспейтін теміржол буынын салу мен порттарды дамытуды қосқанда, көліктік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған белсенді жұмыс жүргізуде. Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімін іске асыруға келсек, Қазақстан Ұлттық комитет құрып, сондай-ақ іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті. Сонымен бірге, Қазақстан Тұрақты хатшылық мекемесі арқылы SPECA бағдарламасын реформалау мен бекітуді ұсынды. Ол SPECA-ның БҰҰ-ның басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдарымен негізгі бағыттар бойынша тиімді әрі жедел өзара іс-қимылын құруға мүмкіндік береді.  БҰҰ-ның Орталық Азияның экономикасына арналған арнайы бағдарламасы (SPECA) Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК және БҰҰ АТМЭӘК атқарушы хатшылары Ташкент декларациясына қол қойғаннан кейін 1998 жылғы 26 наурызда күшіне енді. Кейін Бағдарламаға Түрікменстан, Әзірбайжан мен Ауғанстан қосылды. SPECA-ның негізгі күш-жігері өзара сауданы кеңейтуге және көлік, су ресурстары және энергетика, қоршаған ортаны қорғау, шағын және орта кәсіпкерлікке жәрдемдесу салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

  • 24.11.2021
  • 301
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика