- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
Қазақстандық оқушылар «Қайырымды істер марафоны» шеңберінде қайырымдылық акцияларын іске қосуда
«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы шеңберінде Алматы қ. халықаралық «Мирас» мектебі 29 қараша мен 10 желтоқсан аралығында қайырымдылық мерекелік акциялар сериясын өткізеді.
Осы кезеңде оқушылар үш бірдей қайырымдылық жобасына қатысады:
- балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған жылы киімдерді жинау бойынша «Жылулық сыйла» жобасы,
- балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мұқтаж отбасыларға арналған үстел ойындарын, ойыншықтарды жинау бойынша «Бірге ойнайық»,
- Алматы қаласы мен Алматы облысының сәбилер үйінің балаларына арналған «Pampers Drive» жобасы.
Мектеп басшылығының айтуынша, қайырымдылық мерекелік акцияларды ұйымдастыру алғашқы күннен бастап-ақ игі дәстүрге айналған: міне 22 жылдан бері мектепте оқығандар ерікті түрде мұқтаж жандарға қажетті заттарды жинауға қатысуда.
- 28.11.2021
- 229