• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қарағанды мен Теміртаудың алғашқы үйлері көгілдір отынмен қамтамасыз етілді

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қарағанды мен Теміртаудың алғашқы үйлері көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Ал аптаның соңына дейін Жезқазғандағы үйлер де газ тарату жүйесіне қосылады.

Газ желілері тұрғындарға жаңа өмір сапасын, жылу мен жайлылықты қамтамасыз етеді. Ең бастысы атмосфераға зиянды шығарындылар айтарлықтай төмендейді.

Қарағандыда 1-ші кезектегі газ құбырының құрылысы аяқталып, объектіні пайдалану актісіне қол қойылды.Нысан "ҚазТрансГазАймаққа" сенімгерлік басқаруға берілді.

Қазір Қарағандының 3 мыңға жуық үйін газдандыруға мүмкіндік берген екі іске қосу кешені жұмыс жасауда. Келесі жылы Михайловка, Новоузенка, Медсанбөлім ауданын және ЖБИ зауыты аумағының 4 мыңнан астам үйлерін газдандыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, ескі әуежай, Федоровка, Күнгейдің 9 мың үйін көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысты алдағы үш жылда орындау жоспарланып отыр.

Теміртауда алғашқы 215 км газ тарату желісі салынды. Бірінші іске қосу кешенінің құрылысы аяқталып, екіншісі салынып жатыр. Бұл жерде алғашқы 500 үй қосылуға дайын. 2025 жылға дейін Теміртау қаласында газға 5000-нан астам үйді қосу жоспарлануда.

Жезқазғанда, атап айтқанда Талап ауылы мен Бөгенбай батыр шағын ауданында (Пристанционный кенті) 36,7 км газ құбыры салынды. 434 үйге газ желілері тартылды. Бекболатсай және Қостанкелді шағын аудандарында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Сондай-ақ, құрылыстың 2-ші кезегі, 2-ші іске қосу кешені-91-94 орамдардың, 7,8 шағын аудандардың кварталішілік желілері бойынша жұмыс құжаттамасы алынды.

Сонымен қатар Саран қаласында газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Наурыздан бастап Жаңаарқа, Осакаров аудандарында және Шахтинск қаласында желілердің құрылысын бастаймыз.

Жалпы, жоба іске асырыла бастағаннан бері үлкен жұмыс көлемі орындалды. Эпидемияға қарсы шектеулер және құрылыстың қысқа мерзімдегі кестесі біздің өңіріміздегі жаңа сала мамандары үшін нағыз сыналар кезең болды. Осы жылдар ішінде «Сарыарқа» газ құбырын салу ісіне атсалысқан және қазір жұмыс жасап жатқан барлық азаматтарға үлкен алғысымызды білдіреміз.

  • 01.12.2021
  • 348
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика