- Блогтар
- Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасы
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасын Парламент Сенаты қабылдады. Оның мақсаты – онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату, кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның мерзімін қысқарту. Рақымшылық - ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық қарастырылмаған.
- 03.12.2021
- 249