• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
«Бейбітшілік пен келісім жолымен» ҚХА тележобасын таныстыру рәсімі өтті

 ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» тележобасының қорытындыларының тұсаукесері, сондай-ақ журналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М. Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Бекбаева, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Nur Otan» партиясының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, журналистер клубының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері мен мүшелері, блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ҚХА-ның «Бейбітшілік пен келісім жолымен» фильмі көрсетілді. Тележобаның мақсаты – еліміздің басты құндылықтарының бірі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін ілгерілету.

Тұсаукесерде сөз сөйлеген М. Әзілханов «Бейбітшілік пен келісім жолымен» жобасының мазмұны мен мағынасы жағынан өте маңызды екенін атап өтті.

Спикердің айтуынша, жоба Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі бірлік, бейбітшілік және келісім саясатының стратегиялық сабақтастығын білдіреді, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі осы саясатты танымдық тревэл-шоудың жаңа форматында қорытындылауға жасалған талпыныстардың бірі болып табылады.

Ассамблея төрағасының орынбасары аймақтардың, еңбек ұжымдарының, нақты адамдардың тағдыры арқылы фильм авторлары экономикалық, әлеуметтік және жанды адами мысалдарда бейбітшілік пен келісім саясатының эволюциясы мен нәтижелерін бақылағанын атап өтті.

Оның айтуынша, өзін Қазақстанның азаматтары мен патриоттары ретінде сезінген түрлі этностар, жас және мамандық иелері бізге бұрынғы Кеңес Республикасының көпэтносты халқын Тәуелсіз Қазақстанның біртұтас халқына біріктірудегі Ассамблеяның тарихи еңбегі мен рөлін айқын көрсетеді.

Фильмнің тағы бір маңызды мазмұны Қазақстан халқы Ассамблеясының – Елбасы құрған институттың біріктіруші рөлін ашу болып табылады.

Қорытындылай келе, М. Әзілханов бұл фильмді көргендердің бәрі өз елі үшін мақтаныш сезіміне бөленетініне, мемлекеттің ертеңі мен болашағына деген үлкен сенім сезінетініне сенім білдірді.

Ол сондай-ақ жобаның шығармашылық тобына алғысын білдірді.

Тұсаукесер қорытындысы бойынша ҚХА төрағасының орынбасары – Майя Бекбаева бастаған түсірілім тобының мүшелерін, медиа-саладағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ фильмнің жасалуына үлес қосқан өңірлердің өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

Анықтама үшін:

Фильм бес бөлімнен тұрады: «Батыс», «Шығыс», «Солтүстік», «Оңтүстік» және «Орталық». Бұл әр өңірдің әлеуметтік-мәдени, экономикалық дамуын көрсететін 300-ден астам нысан және 35 негізгі кейіпкер-әр түрлі этностардың, кәсіптердің өкілдері, олар күнделікті өмірде бейбітшілік пен келісім саясатын жүзеге асырудың үлгісі болып табылады.

  • 06.12.2021
  • 408
Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика