- Блогтар
- Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
Журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған журналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М. Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Бекбаева, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Nur Otan» партиясының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, журналистер клубының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері мен мүшелері, блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік тақырыбына арналған үздік жарияланымдардың авторлары марапатталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жария ететін және насихаттайтын журналистерге қолдау көрсету мақсатында журналистика саласында «Шаңырақ» республикалық шығармашылық конкурсын өткізді.
БАҚ өкілдерін келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдауға, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жария етуге жәрдемдесетін, сондай-ақ елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтқаны үшін журналистерге алғысын білдірді.
- 06.12.2021
- 230