• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бүгін Мұратхан Шоқанның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында жарыққа шыққан «Қандастар үлесі» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтеді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Отандастар қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ (Достық үйі) ұжымымен бірлесе отырып, қаламгер қандасымыз, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқанның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында жарыққа шыққан «Қандастар үлесі» атты жаңа кітабының тұсаукесерін өткізеді.

Жаңалыққа жаны құмар көпшілікке арналған игі шара 2021 жылғы 7 желтоқсанда, сағат 15.00-де, Достық үйінде өткізіледі.

Қарымды қаламгердің «Қандастар үлесі» атты жаңа жинағында Тәуелсіздік алған алғашқы жылдан бастап ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сара жол салып, бүгінде Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев жіті назарда ұстайтын қандастар тақырыбы қамтылған.

Тың ақпараттарға бай туындыда тарихи Отанымен табысқан бауырларымыздың егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі жайында және өздері еңбек ететін салада көш басынан көрініп жүрген озық ойлы ғалымдар мен кәсіби мамандар, талантты өнерпаздар мен танымал спортшылар және іскер кәсіпкерлер туралы жазылған.

Тұсаукесер рәсімі аясында әлемнің әр шалғайынан атажұртқа оралған  қандастардың жемісті еңбегі мен жетістіктерінен сыр шертетін кітаптар, суреттер мен қолөнер бұйымдары көрмесі де көпшілік назарына ұсынылады.

Жоспарлы іс-шараға ҚР СІМ, ҚР МСМ, ҚР БҒМ, ҚР ІІМ Көші-қон қызмет комитетінің өкілдері және зиялы қауым, ақын-жазушылар, ғалымдар, алыс-жақын шет елдерден келген қандастарымыз бен сан алуан салада табысқа жеткен танымал тұлғалар қатысады деп күтілуде.

  • 07.12.2021
  • 235
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика