• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның ұйғыр этносы Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі еліміздің жетістіктерін атап өтті

Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы өкілдерінің кездесуі өтті.

Ұйғырлардың республикалық мәдени орталығы – Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен Қазақстан ұйғырларын біріктіретін жалғыз ұйым.

Кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып, ҚХА мүшелерінің, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелерінің, ғылыми-шығармашылық зиялы қауым, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Кездесу барысында нәтижелі пікір алмасып, өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстанның 1991 жылы мемлекеттік егемендік алуы этносаралық қатынастарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашқаны атап өтілді.

Іс-шараның модераторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және ұйғырлар республикалық мәдени орталығының төрағасы Ш.Нұрымов республиканың 15 өңірінде ел ұйғырларының бірыңғай қоғамдық бірлестігіне кіретін этномәдени бірлестіктер жұмыс істейтінін айтты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйғыр этносының туған мәдениетін сақтауға, сондай-ақ Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Қазақстандағы этносаралық келісім қағидаттарын дамытуға жәрдемдеседі. Қазақстан ұйғырлары, әдетте, үш тілді, ана тілінен басқа мемлекеттік қазақ және орыс тілдерін жақсы біледі», - деді Шаймардан Нұрымов.

Қазақстанда ұйғыр тілінде оқытатын мектептер жұмыс істейді, әлемдегі ең ірі ұйғыр газеттерінің бірі «Ұйғыр айвази» шығарылады. Елімізде Қ. Қожамияров атындағы Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз мемлекеттік Республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры жұмыс істейді.

Ш. Нұрымов Қазақстан ұйғырларының барлық өңірлік этномәдени бірлестіктерін білдіретін қоғамдық бірлестік ретінде республикалық мәдени орталық Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі сабақтастық саясатын қолдайтынын атап өтті. Еліміздегі этносаралық келісімді нығайтуға және дамытуға ықпал ететін Республикалық маңызы бар іс-шараларды өткізеді. Мысалы, «Рухани Жаңғыру» аясында Орталық ұйғырлардың мәдени мұрасын сақтау және дамыту бойынша жұмыс жүргізеді, ұйғыр тағамдарының тарихи атауларын жаңғырту бойынша жобаны іске асырады, латын қарпіндегі ұйғыр әліпбиінің нұсқасын жасау мәселесін бастамашыл пысықтауда.

Іс-шараның маңызды бөлігі «Бейбітшілік пен келісім жолымен» фильмінің тұсаукесері болды, оның авторы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Qazaq TV» телеарнасының директоры Майя Бекбаева болды. Фильмде еліміздің барлық өңірлері бойынша бірегей телевизиялық экспедицияның кадрлары мен тарихы, Қазақстанның полиэтникалық қоғамы тарихының негізгі кезеңдері көрсетілген.

Сонымен қатар, кездесуде «Ұйғыр Авази» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ершат Асматов, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайраев баяндама жасады. Баяндамалардың тақырыптары Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі табыстарына, сондай-ақ білімді және бәсекеге қабілетті қазақстандық жастарды қалыптастыру мәселелеріне арналды. Олар Қазақстанның Тәуелсіздігі халыққа конфессияаралық және этносаралық келісім саясатының нақты жетістіктерін сезінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Анықтама: Қазақстан ұйғырлары - Қазақстан аумағындағы бай және өзіндік мәдениеті бар, ҚР ең ірі этностарының төрттігіне кіретін шығыс этностарының бірі.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстандағы ұйғырлардың саны 278 869 адамды құрайды. Олардың басым бөлігі Алматы облысының (160 801 адам) және Алматы қаласының (106 253 адам) аумағында тұрады.

  • 07.12.2021
  • 207
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика