• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысында балық өңдейтін кәсіпорын ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Түпқараған ауданы, Баутин ауылына қарасты Аташ елді-мекенінде «АташФишПром» ЖШС-нің балық өңдеу цехы іске қосылды, деп хабарлайды Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жоба құны 83 млн. теңге. Қуаттылығы жылына 292,8 тоннаны құрайтын кәсіпорында балықтан филе, фарш, ысталған және консервіленген балық шығарылатын болады.

Кәсіпорынның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров пен аудан ардагерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Бекбол Орынбасаров тұрғындарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, аймақтағы балық өнеркәсібінің маңыздылығына тоқталып өтті.

-  Облыс басшысының тапсырмасы бойынша алдымызда өңірде өндірілетін азық-түлік тауарларының көлемін арттыру міндеті тұр. Оның ішінде ет және балық өнімдерін өндіру ісін қолға алуымыз тиіс. Осы орайда, Түпқараған ауданы кәсіпкерлерінің еңбегін атап өткен жөн. Тұрғындарды жергілікті өніммен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын құруда жаңадан ашылған кәсіпорынның маңызы зор, - деді Бекбол Орынбасаров.

Цехтың техникалық директоры Амалбек Төлеумағанбетовтің айтуынша, балық қалдықтарынан өндірістік ұн шығарыла бастады. Бұл ұнды құс, мал азығына және егіншілікке тыңайтқыш есебінде пайдалануға болады. Жоба толық іске қосылғанда 15 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.  

- Күніне 2 тоннаға дейін балық қалдықтарынан ұн шығаратын құрылғымызды орнатып, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір бір күнде 1 тоннаға дейін балық ұнын, жарты тоннаға дейін құрама азық шығарып жатырмыз. Сұраныс бар. Бұл Қазақстандағы осындай жалғыз цех болғандықтан Ресейден де, еліміздің  өзге өңірлерінен сұраныстар түсуде, - деді Амалбек Төлеумағанбетов.

  • 14.12.2021
  • 193
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика