• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Партияның белсенді мүшелері марапатталды

Ақмола облысының әкімі, «Nur Otan» партия-сы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында партияның белсенді мүшелерін осы ұлық мерекемен құттықтап, еліміздің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін ие болған мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Егемендіктің үш онжылдығында жеткен жетістіктеріміз бен бағындырған белестеріміз аз емес. Жетекші партия ретінде 22 жыл ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына «Nur Otan» партиясының да қосқан үлесі зор.

–Қадірлі партияластар, баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! Жер бетіндегі әр халық үшін тәуелсіздіктен асқан ұлы мұрат жоқ. Күні кеше ғана ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин біздің облыста мерейлі мерекеге орай өткізілген салтанатты шараға қатысып, ел дамуына қосқан зор үлестері үшін біздің бірқатар жерлестерімізге Президенттің Жарлығымен мемлекеттік наградаларды табыстады, – дей келе, партия филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев Елбасының мемлекеттік және ұлттық құрылыстың іргелі қағидаттары «Елдіктің жеті тұғыры» тұжырымдамасына тоқталды.

– 2019 жылдың тамыз айында өткен партияның Саяси кеңесі бюросында Елбасының «Қайта жүктеу» бағдарламасы «Сенім. Диалог. Болашаққа деген сенім – партияның 7 серпіні» бастамасымен басталған болатын. Саяси практикада алғаш рет «мықты көшбасшылар – мықты партия» қағидаты бойынша праймериз жүргізілді, бұл «Nur Otan» партиясына жаңа адамдарды бәсекелестік негізде тартуға және партияның сайлау алдындағы тізімдерін жаңартуға мүмкіндік берді.

Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Nur Otan» фракцияларының құрамы 65 пайызға жаңартылды. Екінші, партияның волонтерлік қозғалысы жанданып, «Біз біргеміз» акция-сы облыста жақсы қарқынмен жүргізілді. 30 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді. Үшінші, халықтың түрлі топтарына нақты қолдау қамтамасыз етілді.

«Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» бағдарламасы бойынша әлеуметтік аз қамтылған мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетілді. Төртінші, сайлау алдындағы халықтық бағдарламалар әзірленді. Бесінші, партия депутаттары Мәжіліс пен мәслихаттардағы сайлауда айқын жеңіске жетті. Алтыншы, сайлауалды уәделердің орындалуын жүйелі бақылаудың пәрменді құрылымы құрылды. 168 Қоғамдық кеңес құрылып, депутаттардың жұмысын жандандыру үшін рейтинг іске қосылды, ол келесі жылдың ақпан айынан бастап жария болады. Жетінші, ауыл әкімдерінің бірінші тікелей сайлауында 74 селолық округте партия мүшелері әкім болып сайланды, – деп облыс әкімі партияластарына ізгі тілектерін жеткізді. Бұдан соң іс-шара марапаттау рәсіміне ұласты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен партияның 15 мүшесі марапатталды. Олар билік өкілдері, партияның түрлі қоғамдық ұйымдарының жетекшілері мен мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, кәсіпорын басшылары.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытына белсенді қолдау көрсеткені және партияның бағдарламалық міндеттерін іске асыруға қатысқандары үшін Құрмет грамотасымен 17 адам, партия филиалы төрағасының Алғыс хатымен 5 адам марапатталды.

Жиында аймақ басшысы партияның Орталық аппаратының саяси кеңес бюросының шешімімен «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен бірге, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен облыс әкімі – партия филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев «Парасат» орденімен наградталатыны белгілі болды. Ал, партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ақманат Әлімбетова мен Көкшетау қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталады деп күтілуде.

  • 14.12.2021
  • 254
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика