• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақшұқырда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 160 орындық дене шынықтыру – сауықтыру спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров, облыстық спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев, ауыл ақсақалдары мен жас спортшылар қатысты. 

Аталған спорт кешенінде футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес, дзюдо, бокс, гимнастика сынды спорттың 11 түрінен үйірме ашылды. Онда 22 кәсіби жаттықтырушы қызмет ететін болады. 

Айта кетсек, Түпқараған ауданы халқының спортпен айналысуы 2021 жылы 31,8%-ды құрап отыр. Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз ету 31,5 %-ды құрайды. Соңғы 5 жылда 2 спорт кешені қолданысқа беріліп, қазіргі таңда бюджет есебінен тағы бір спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Бүгінде Түпқараған ауданында 15 спорт алаңы, 2 тир орталығы, 11 спорт зал, 5 көше тренажерлары, 4 спорт кешені бар. Форт-Шевченко қаласында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Ақшұқыр ауылы филиалы,  Таушық ауылы спорт кешені, «Сүлеймен» спорт кешені салауатты жас ұрпақты тәрбиелеуде.

  • 15.12.2021
  • 162
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика