• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда апатты үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшірілді

Ақтаудағы апатты жағдайдағы қос тұрғын үйдегі 32 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды,-деп хабарлады Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қуанышқа кенелген тұрғындарды Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Алпысбай Таубаев ұлық мерекемен құттықтап, шаңырақтарына шаттық тіледі. 

«2014 жылы осы шағынауданда 15 тұрғын үй апаттық деп танылып, реновация бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлер тұрғызылған болатын.  Бүгін қаладағы соңғы апаттық жағдайдағы 71-ші және 72-ші үйлердегі тұрғындар жаңа үйге көшірілді. Қоныстарыңыз құтты болсын»,-деді қала әкімінің орынбасары. 

Бұл көпқабатты тұрғын үйді бағдарлама аясында «Құрылыс Строй Сервис» ЖШС тұрғызды. Жаңа үй түрғындардың осы уақытқа дейін тұрған ескі үйге жақын маңда орналасқан.  

Іргесі сөгіліп жатса да кетіп қала алмадым, жаңа пәтерден үмітімді үзбедім. Алғашында үміттен гөрі күдік басым болды. Дегенмен, қала әкімдігі берген уәдесін орындады. Біз үйіміз қашан құлайды деген қорқыныштан бір жола айықтық,-деп жаңа қоныс иелері апатты үйдің мәселесін шешуге атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді.  

Енді салынғанына жарты ғасырдан астам уақыт болған апатты жағдайдағы қос үй сүріліп, орнына жаңа тұрғын үй бой көтермек. Осылайша қала бойынша апаттық үйлердің мәселесі толықтай шешімін тапты.

  • 20.12.2021
  • 161
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика