• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда қоғам қайраткері Меңдеш Салиховтың өмір жолына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен журналист Наталья Задерецкая жазған «Идеи, воплощённые в жизнь» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Аталған еңбек Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданының құрметті азаматы М.Салиховтың өмір жолын жан-жақты қамтыған. 90-шы жылдардың басында ол облыстың ұлттық - мәдени орталықтары арасында берік достық байланыс орнату жолында зор күш-жігер жұмсады. 

Меңдеш Халелұлы сонымен қатар өңірдегі мұнай саласының дамуына да елеулі үлес қосқан. Ол еңбек жолын мұнай өндіру жөніндегі оператордан бастаған. Кейін еліміздегі ең ірі мұнай өндіру кәсіпорнының басшысы болып тағайындалды. Мұнайшылардың отбасында дүниеге келген М.Салихов мектептен кейін Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтына түсті. 1982 жылдан 1991 жылға дейін партия комитетінің хатшысы, Қазақ КСР КП Шевченко қалалық комитетінің екінші хатшысы, Шевченко қалалық атқару комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 1992-95 жылдары Массачусетс университетінде оқып, АҚШ-тың Даллас қаласындағы «Oryx Energy» компаниясының қазақстандық жобалар жөніндегі кеңесшісі, директоры болып қызмет атқарған. 1995-97 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының президенті және басқарма төрағасы болды. 1997 жылы жеке кәсіппен айналысып, бірқатар мұнай сервистік компаниясын басқарды. М.Салихов - Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагері. Оны замандастары елінің біртуар азаматы, туған жерінің шын жанашыры деп ерекше құрметтейді. Оған арналған кітап Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатының материалдары негізінде жазылған.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шараға қатысушыларды ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Мендеш Салиховтың өңірді дамыту жолындағы ерен еңбегін атап өтті.

 - Өткен ғасырдың соңында халқымызға оңай болған жоқ. Біздің алдымызда өз экономикасы бар, шекарасы шегенделген жаңа, тәуелсіз мемлекет құру міндеті тұрды. Елбасының арқасында біз осы кезеңнен өттік, қазір Мемлекет басшысының салиқалы саясаты арқылы орнықты даму жолына түстік. Тәуелсіздік таңында халқымыз Тұңғыш Президентке сеніп, ата - бабаларымыздың арманын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсады. Солардың бірі Меңдеш Салихов болды. Алып азамат жайында жазылған бұл еңбектің ел ертеңі - жас ұрпаққа өнеге, тағылым болары сөзсіз- деді аймақ басшысы.

  • 20.12.2021
  • 197
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика