• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда «Жас тұлпар-2021» жастар сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін, 20 желтоқсан күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға жастар саясаты саласындағы мамандар, мәслихат депутаттары, облыстық жастар ұйымдарының басшылары, мемлекеттік орган басшылары, сондай-ақ, жастар саясаты мәселелеріне жетекшілік ететін аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

– Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен елімізде жастар саясатының негізі қаланды. Сол саясаттың жалғасы ретінде, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та жастар мәселесіне айрықша басымдық береді. Ендеше жас буынның алдында өткенін ұлықтап, келешекке ұмтылудың міндеті тұр. Білім мен ғылымға құштар, қоғам үшін көп еңбектенген саналы азаматтың жетістікке қол жеткізері анық, – деді Нұрлан Ноғаев.

Жиын барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов өңірдегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне тоқталып өтті.

– Маңғыстауда 14 пен 29 жас аралығындағы 149 674 жас бар. Бұл облыс халқының 21%-ын құрайды. Жастарды жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар тиісті деңгейде ұйымдастырылып отырады. Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған» бағдарламасы аясында 10602 жас жұмысқа орналастырылды. Ал, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау бизнес» жобасы бойынша 516 адам оқытылып, өз ісін бастауға 312 жас грант және 57 жас шағын несие алды. Сонымен бірге, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге 337 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы және 213 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілді. Нәтижесінде биыл жұмыссыздық деңгейі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда төмендеген, – деді Аманғали Нұрдәулетов.

Нұрлан Ноғаев облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық Алғысы» медалі мен «Жас тұлпар-2021» жастар сыйлығын табыстады. Бірқатары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ «Lectorium» жобасы аясында жастар аймақ басшысымен еркін форматта пікір алмасып, көкейлеріндегі бар сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапта тұлғаларға бірқатар нақты тапсырма берді.

  • 21.12.2021
  • 189
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика