- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2020 жылғы 17-22 қыркүйекке Каспий теңізі деңгейінің болжамы
Каспий теңізі деңгейінің 2020 жылғы 17-22 қыркүйекке арналған болжамы.
Каспий теңізінің беткі ауданы Қырғызстан, Тәжікстан, Польша және Беларусь Республикасы сияқты елдердің ауданынан асып түседі. Каспий теңізінің қарама-қарсы жағалаулары әртүрлі континенттерге жатады. Батыс жағалауы Еуропада, ал шығыс жағалауы Азияда жатыр.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі
минус 27,82 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,75 м төмендеп, минус 28,11 м шамасында болады деп күтілуде.
17-22 қыркүйек аралығында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде желқума жағдайы сақталады! Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,97 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,55 м дейін төмендеп, минус 28,22 м шамасында болады деп күтіледі.
2020 жылғы 09-15 қыркүйек аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді.
Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 14 қыркүйектегі ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.
- 18.09.2020
- 359