• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сақтағанов Н.А.
Сақтағанов Н.А.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыста тарихи айтулы күн болды

Құрметті жерлестер!

Облыста тарихи айтулы күн болды. Мереке қарсаңында еліміздің Тәуелсіздік монументін салтанатты түрде аштық. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин қатысты. Өз сөзінде ол Шығыс Қазақстан облысы жоғары өнеркәсіптік және аграрлық әлеуетке ие екенін, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Монументтің ашу құрметіне біздің атақты жерлестеріміз филология ғылымдарының докторы, Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеттің профессоры Арап Еспенбетов, жазушы Әлібек Қаңтарбаев және жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова ие болды. Монументтің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Еліміздің Тәуелсіздігінің құндылығы туралы сөздері үш тілде жазылған.
"Қазақстанды өз Отанымен қабылдаған әрбір адамның ең ұлы мақсаты, ең қасиетті борышы - Қазақстан туын берік ұстау". 30 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы болашақ ұрпақтар алдында үлкен тарихи жауапкершілікті мойнына алып, мемлекетіміздің дамуын ондаған жылдарға алға қойған міндеттерді айқындай отырып, аса маңызды саяси және экономикалық шешімдер қабылдады. Елбасының саясатын қолдай отырып, біз ұлы жетістіктерге қол жеткізіп, бүгінде өзімізді тәуелсіз, қуатты әрі табысты Қазақстанның азаматтары деп мақтанышпен айта аламыз.
Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Премьер-министр Асқар Мамин шығысқазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды. Мен, сіздер сияқты, жоғары марапатқа ие болған жерлестерімізді мақтан тұтамын.
II дәрежелі "Достық" орденімен Шығыс қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Геннадий Пуссеп марапатталды. "Құрмет" орденімен Игорь Радович, Сергей Бежецкий, Әсем Мамутова, ұстаз Бағжамал Садықова марапатталды. III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен тракторшы Өміртай Әсіпов және бағалы металдардан жасалған бұйымдар учаскесінің гальванигі Людмила Гречухина марапатталды. "Ерен еңбегі үшін" медалімен жаттықтырушы-оқытушы Айдар Қайырбаев марапатталды.

  • 21.12.2021
  • 261
Сақтағанов Н.А.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Сақтағанов Н.А.
(Мұрағат)

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика