- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау кәсіпкерлерін көгалдандыру ісіне атсалысуға шақырды.
Бүгін, 21 желтоқсан күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі іскер әйелдер қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Онда аймақты дамыту бағытында келелі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Басқосуда өңір басшысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылында қоғамның түрлі саласында табанды еңбек еткен нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, жергілікті атқарушы органдар тарапынан халыққа қызмет көрсетемін, қоғамның дамуына атсалысамын деген іскер әйелдерге қолдау көрсетілетінін айтты.
- «Елбасымыздың «Әйелдер Тәуелсіздік жылдарының бәрінде менің ең сенімді тірегім болды» деген сөзі бар. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістігі - бұл ер азаматтармен бірге, өздеріңіз сияқты қыз-келіншектердің еңбекқорлығы мен іскерлігінің жемісі. Сіздер отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, еліміздегі түрлі саланың дамуына атсалысып, жұмыс орындарын құрып, халыққа қызмет етіп келесіздер. Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдегі әйедер қауымы мемлекеттің қолдауына ие болып, кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алып отыр,- деді Нұрлан Ноғаев.
Айта кетсек, облыста тіркелген 55 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 26 мыңнан астамын, яғни, 47%-ын әйелдер басқарады. Олар 45 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Биыл мемлекеттік қолдау алған 3276 жобаның 46%-ы кәсіпкер әйелдерге тиесілі.
Сондай-ақ, жиында облыс әкімі Ақтауды көгалдандыру мақсатында арнайы өсімдіктер питомнигін құруға ұсыныс жасап, кәсіпкерлерді осы іске атсалысуға шақырды.
⁃Табиғи су қоры сақталмайтын, құрғақ климатты Маңғыстауда көгалдандыру мәселесі өте өзекті. Дегенмен өсімдіктердің өсуі мен олардың биоэкологиялық ерекшеліктеріне қарай жасыл желектер отырғызу қажет. Ол үшін қала сыртынан өсімдіктер көшетін отырғызатын арнайы питомник жасақтау жоспарлануда. Барлық жауапты тұлғалардың алдына көгалдандыруға қатысты ғылыми тұрғыда зерттеп, бұрынғы тәжірибені ескере отырып, жаңа технологияларды қолдану міндеті қойылды. Қаламызды жасыл желекке айналдыру үшін барлық кәсіпкерді бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын,-деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, кездесу барысында облыс басшысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар іскер әйелдерді алғыс хаттармен марапаттады.
- 21.12.2021
- 223