- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен марапатталды
24 желтоқсанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шараға облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындарының қызметкерлері шақырылды. Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен аула сыпырушылар, сантехниктер, слесарлар, автобус жүргізушілері, кондукторлар, ассенизаторлар, электромонтерлар және т.б. да қызметкерлер марапатталды.
- Осыдан 30 жыл бұрын еліміз қиын жағдайда еді. Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында біз тығырықтан шығып, тұрақты даму жолына түстік. Бүгінгі таңда Елбасының жасампаздық жолын Президент Қасым - Жомарт Тоқаев жалғастырып келеді. Сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында өңірдің тыныс-тіршілігі үздіксіз қамтамасыз етіліп жатыр. Мен сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтай отыра Сіздерге және жақындарыңызға бақыт пен денсаулық тілеймін, - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Бүгінгі таңда өңірдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
- 27.12.2021
- 151