• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әлиев Ж.Ш.
Әлиев Ж.Ш.

ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария трансшекаралық өзенін сақтау және қалпына келтіру бойынша жұмыс жоспарын бекітті

Осы айда мен Алматы қаласында өткен Сырдария өзені бассейнінің қоршаған ортаны қорғау және су сапасы мәселелері қатысты Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жұмыс тобының (комиссиясының) төртінші отырысына қатыстым.

Отырыстың мәселесі  Сырдария өзені суының сапасына арналды.

Іс-шараға бақылаушы ретінде Қырғызстан мен Тәжікстан Республикаларының өкілдері шақырылды.

Мен қазақстандық делегацияның атынан, ал өзбек делегациясының атынан Өзбекстан Республикасының Экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Ж.С. Қазбеков қатысты.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:

 

1) су сынамаларын келісілген іріктеу нәтижелері және Сырдария өзені суының сапалық жай-күйі бойынша деректермен алмасу, Сырдария өзені суы сапасының жай-күйін бірлесіп бақылау нәтижелері бойынша Тараптардың әрқайсысына талдамалық есеп ұсынылды.

  2) Тараптар Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобының Сырдария өзені бассейнінің қоршаған ортаны қорғау және су сапасы мәселелері жөніндегі 2021 жылғы жұмыс жоспарының қорытындыларын шығарды.

3) қырғыз және тәжік тараптарының бақылаушылары Сырдария өзені суының сапасын мониторингілеу бойынша ағымдағы жағдай туралы жалпы ақпарат ұсынды

4) су сапасы мәселелерін басқару мен жоспарлаудағы бассейндік тәсілдің артықшылықтары бойынша халықаралық сарапшылардың тәжірибесі, "штаттан тыс жағдайлар кезінде Сырдария өзенінің ластануының алдын алу және оған ден қою тетіктерін жетілдіру"жобасы бойынша ақпарат талқыланды.

 

Біздің тарапымыздан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде Сырдария трансшекаралық өзенінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасын қабылдау мүмкіндігін қарау ұсынылды.

Өз кезегінде байқаушылар отырыста алынған тәжірибеге сүйене отырып, бірлескен жұмыс тобына қосылу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Отырыс соңында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобының (ЖТ) Сырдария өзені бассейнінің қоршаған ортаны қорғау және су сапасы мәселелері жөніндегі 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

  • 29.12.2021
  • 415
Әлиев Ж.Ш.

ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі

Әлиев Ж.Ш.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика