• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Әзірбайжан ақыны Низами Гянджевидің 880 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Ақтауда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Әзірбайжанның ұлы ақыны, ойшылы Низами Гянджевидің 880 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты шараға Ақтау қаласында тіркелген Түркия, Иран, Түрікменстан, Өзбекстанның Бас консулдары, диаспора басшылары мен зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты. Нұрлан Ноғаев көпшілік қауымды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, әйгілі ақын шығармашылығының өзектілігіне, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы байланыстың маңыздылығына тоқталып өтті. Маңғыстау облысында экономиканың әр түрлі салаларында әзірбайжан капиталының қатысуымен 212 кәсіпорын тіркелген. Сондай-ақ аймақта әзірбайжандық инвесторлардың араласуымен бірқатар жоба іске асырылып жатыр. Мәселен, 2016 жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағында Қазақстан мен Әзірбайжан президенттерінің басшылығымен логистикалық орталық жобасы жүзеге асырылды. Бұл жобаға «Anadolu Investment Company» мекемесі 3,7 млрд. теңге жұмсады. Бұдан бөлек, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында «Ақтау ЭнергоМаш» ЖШС кабельдер мен трансформаторлар шығаратын зауытты салу жобасы қолға алынды. Нысан 2023 жылы іске қосылып, 150 жаңа жұмыс орын ашады деп күтілуде. Айта кетейік, салтанатты шарада М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облысы филармониясының әртістері Ұлы Әзірбайжан композиторларының Низами Гянджевиге арналған шығармаларын орындады. Низами Гянджевидің әдеби мұрасы Таяу Шығыс пен Орта Азияда Орта ғасыр әдебиетінің одан әрі дамуына үлкен із қалдырды. Ақынның «Құпиялар қазынасы», «Ләйлә мен Мәжнүн», «Жеті сұлу», «Искандер-наме», «Хосров пен Шырын» 5 туындысы Әзірбайжан поэзиясының қазынасына енген.

  • 29.12.2021
  • 152
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика