• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған аллея ашылды

29 желтоқсан күні Маңғыстау облыстық Қорғаныс істері департаментінің аумағында «Жеңіс аллеясының» ашылуына арналған шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, қорғаныс вице-министрі Мұхамеджан Таласов, "Қарулы Күштердің ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері генерал-майор Марат Нұғыманов, Владимир Шацков, Алсай Джуманов, Геннадий Носоновский, контр-адмирал Ратмир Комратов, запастағы полковник Жұма Тайжанов, Ғани Артықов, жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жиын екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған бір минуттық үнсіздіктен басталды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиналғандарды ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Отан қорғау жолында жанын құрбан еткен батырлардың есімі ұрпақтарының жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.

  - Бүгінде Маңғыстау облысында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 6 ардагер тұрады. Мемлекетіміз майдангерлерді барынша қолдап, қамқорлық жасап келеді. Мемлекет басшысы соғыс және тыл ардагерлерінің тұрмысын жақсартуға үлкен мән беріп отыр. Себебі, сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгінгі жарқын болашаққа қадам басқан тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Сондықтан да ардагерлерге лайықты құрмет көрсету, қамқорлық жасау, ерлігін есте ұстау – біздің де, келер ұрпақтың да басты парызы, қасиетті борышы деп білемін,-деді Нұрлан Ноғаев.

Аллеяның аумағында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгердің мүсіні, Ауғанстанда әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан маңғыстаулықтардың есімдері жазылған гранит тұғырлар, Қазақстанның көрнекті қайраткерлері мен Ұлы Отан соғысы батырларының портреттері бар тақталар орналасқан. 

Жиын барысында еңбегімен еленген бірқатар азаматтар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Маңғыстау облысы бойынша  қорғаныс істері департаментінің жұмысымен танысып, әскери патриоттық мұражайын аралап көрді. Нұрлан Ноғаев күзгі әскер қатарына шақырылған жас сарбаздармен кездесіп, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруларына сәттілік тіледі.

  • 10.01.2022
  • 189
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика