• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев маңғыстаулықтарды жаңа жылмен құттықтады

Ардақты ағайын, құрметті маңғыстаулықтар!

Санаулы сәттерден соң біз Жаңа 2022 жылға қадам басамыз. 

Биыл бүкіл ел болып, қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өттік. Жас мемлекеттің ширек ғасырдан астам шежіресі ел тарихында алтын әріппен жазылды. Бұл – біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт. 

Тәуелсіз еліміздің әлем картасында өз орнын алып, жер-жаһанға танылуында, оның іргетасын қалап, шекарасын шегендеген Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор. 

Бүгінде Елбасының сындарлы саясатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  жалғастырып, ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарда көзделген межелерге жету жолын айқындап берді.

Тәуелсіздік жылдары Маңғыстау өңірі де толағай табыстарға қол жеткізді. Басты жетістігіміз – өңір тұрғындарының саны екі есе өсіп, бүгінде облыс халқы 730 мыңға жетті. Бала туу көрсеткіші артты. Халық санының көбеюіне байланысты қалаларымыз өсіп, жаңа ауылдар пайда болды. 

Тәуелсіздік жылдары өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласында да оң өзгерістер орын алды. Балабақшалар саны 3 есе артып, нәтижесінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту 100 пайызға жетті. Денсаулық сақтау саласында да жоғары медициналық технологиялармен қамтамасыз етілген, тәлімі зор, тәжірибесі мол мамандары бар 150-ден астам емхана, ауруханалар ашылды. Жедел-жәрдем автопаркі 100%-ға жаңарды.

Тәуелсіздік жылдарының тағы бір жемісі - Маңғыстаудың шекаралық облыс ретінде транзиттік, көліктік-логистикалық және инфрақұрылымдық әлеуеті артты. Ел астанасынан шалғайда, түбекте жатқан Маңғыстауда темір жолы, теңіз және автомобиль жолдары қатар дамып, бүгінде тоғыз жолдың торабына айналды.

Бүгінде автожол сапасы бойынша Маңғыстау облысы Республикада көш бастап тұр. Жолдардың 95%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
Тәуелсіздік жылдары өңірде 12,3 млн. шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, сумен қамту көрсеткіші 31%-дан 98%-ға дейін, ал табиғи газбен жабдықтау 16%-дан 99,8%-ға дейін жетті.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі ауыз су тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін 2025 жылға дейін 9 ірі жоба іске асырылатын болады. Нәтижесінде өңір халқы 100% ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасына орай, Үкіметтің қолдауының арқасында өңірдің дамуына тың серпін беретін және жұртшылықтың көкейіндегі түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспар бекітілді.

Жоспарға сәйкес барлығы 214 жоба іске асырылады. Кешенді жоспар аясында алдағы 5 жылда 60 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр

Өлкенің өркендеуіне әрқайсыңыздың қосқан өзіндік үлестеріңіз бар. Сондықтан ел игілігі жолында күнделікті аянбай еңбек етіп, өңірімізді көркейтуге атсалысқан барша азаматқа шынайы алғысымды білдіремін.

Ардақты ағайын!

Үмітсіз – мақсат тұл. Сенімсіз – арман тұл. Ал біз тағдыр-талайымызға жазылған барлық сынақтардан үмітін жоғалтпай өткен, бүгінгі қиындық үшін ертеңге деген сеніміне ешқашан селкеу түсірмеген елміз. Мақсаты – бірлік, арманы – азаттық болған халықпыз. Сондықтан да, өткенге ризашылығымызды білдіріп, жаңа жылдан жақсылық күтеміз!

2022 жыл елімізге жаңа бақыт, жаңа табыстар мен молшылық, қасиетті жерімізге құт-береке әкелсін! Отанымызды дамыту жолындағы еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға аманшылық, дендеріңізге саулық тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев

  • 10.01.2022
  • 192
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика